Маңғыстаудағы магистральдық желі бөлімшесінің ойыншылары волейболдан өткен жарыста топ жарды

Спорт
22.11.2021, 10:00
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Тәуелсіздіктің отыз жылдығы құрметіне кәсіподақтың ұйытқы болуымен түбек теміржолшылары арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылуда. Жақында ерлер арасында волейбол жарысы өтті. Сайысқа Маңғыстау қосалқы бөлімшесінің, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің, Маңғыстау станциясы мен вагон пайдалану депосының командалары қатысты. Теміржолшылардың орталық кәсіби одағының Маңғыстаудағы өкілі, бөлімше кәсіподағы ұйымының төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов пен Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Маңғыстау өңірі бойынша бас ревизоры, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау бөлімшесі бастауыш партия ұйымының төрағасы Болат Дүйсәлиев жарысқа қатысушыларды құттықтап, командаларға сәттілік тіледі. Финалға Маңғыстау қосалқы бөлімшесі мен магистральдық желі бөлімшесінің волейболшылары шықты. Дегенмен магистральдық желі бөлімшесі ойыншыларының байрақты бәсекеде бағы жанып, бірінші орынға ие болды. Бөлімше командасы екінші, ал вагон депосы үшінші жүлделі орынға ие болды. Жеңімпаз командалар қаржылай сыйлықпен марапатталды.

– Алдағы уақытта бұл жарыс қыздар арасында жалғасын табатын болады. Ал оған дейін, осы айдың 19-да теміржолшыларымыз үстел теннисінен бақ сынасады, – дейді Маңғыстау теміржолында спорт нұсқаушысы Нұрайна Қыдырова.
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады