Арыста әулеттер арасында футболдан жарыс өтті

Спорт
06.12.2021, 09:16
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Өткен аптада Арыс қаласындағы Игібай спорт алаңында «Бір атаның балалары» отбасылық командалар арасында футболдан жарыс өтті. Жарысқа 5 команда қатысып, айналым жүйесі бойынша барлық қарсыластар бір-бірімен кездесіп шықты, деп хабарлайды Rail-news.kz. Жарысты ұйымдастырып өткізген – Арыс қаласына белгілі Рысбековтер теміржолшылар әулеті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне өтіп отырған отбасылық спорттық жарыс Арыста дәстүрге айналған десек болады. Ойынның шымылдығын ашып, командаларды таныстырған отбасылық ойынның негізін қалаған теміржолшылар әулетінің өкілі Панзарбек Жаңабаев көпшілікті «Бір атаның балалары» әулеттер арасындағы сайыстың бес жылдығымен құттықтады. ПЧ-54 Арыс жол дистанциясының бастығы Махмұд Еркінбекұлы барлық ойыншыларға сәттілік тіледі және жарысқа демеушілік жасап отырған Рысбековтер әулетіне барша командалар атынан алғыс айтты. Ауа райының салқын да ызғарлы екеніне қарамастан командалар ә дегеннен ойынды қызу бастап кетті. Футбол алаңының көрігін қыздырып, бір-біріне дес бермеген командалардың қай-қайсысы да кәнігі ойыншылардан кем түспеді. Әйтсе де, талай жыл тәжірибе жинақтап қалған, бірде-бір ойыннан қалмай қатысып келе жатқан Жаңабаевтар әулетінің бағы жанып, қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен жеңіп, жүлделі бірінші орынды иемденді.

«Біздің әулет үшін бұл жеңістің орны бөлек. Өйткені, бес жыл үзбей қатысып келе жатсақ та бірінші орынды енді ғана иемденіп, жеңіске қол жеткізіп отырмыз», – деп қуанышымен бөлісті команда мүшесі П.Жаңабаев.

Жүлделі екінші орынды Қансейітовтер отбасылық командасы иеленсе, 3-орынды Рысбековтер, 4-орынды Садыбековтер, 5-орынды Ізбасаровтар өзара бөлісті.

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты