Мақаттық локомотившілер шағын футболдан өткен жарыста жеңімпаз атанды

Спорт
06.12.2021, 09:38
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Мақат орталық стадионында Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына шағын футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. Спорттық сайысқа 6 команда: Мақат станциясынан 2 команда, Мақат локомотив депосы, Мақат қалпына келтіру пойызы, Әскерилендірілген теміржол күзеті және «Қамқор-Сервис» командалары қатысты. Жеребе бойынша іріктелген кестеге сай командалар тартысты да тартымды, әдемі ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлерді әбден риза етті. Әрине, кубок атауының өзі-ақ ойыншыларды намысқа шақырып тұр. Сондықтан қарсыласына ұпай бермеуге тырысқан ойыншылар қызу додаға түсіп, бір-біріне дес бермей ұзақ тартысты. Командалар соңғы ойынға дейін жеңісті қолдан бермеуге тырысып, бір ойында жеңілсе, екінші ойында қарсыласын ойсырата жеңді. Дегенмен, сайыс бар жерде жеңіс бар, бірінші орынды мақаттық локомотившілер жеңіп алды. Екінші орынды «Қамқор-Сервис» ЖШС, ал үшінші орынды әскерилендірілген күзет қызметі командасы иеленді. Командаларға сайысқа қатысқаны үшін диплом мен ақшалай сыйлық берілді. Кентте көптен бері мұндай спорттық шара өтпеген еді, сондықтан теміржолшылар үшін бұл нағыз спорт мерекесіне айналды. Атырау жүк тасымалы кәсіподақ ұйымының спорт жөніндегі нұсқаушысы Ринат Иманғазиевтің айтуынша, командалар жарысқа жақсы дайындықпен келген.  

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті