Шахматтан мерекелік турнир виртуалды тақтада өтті
Оқуға 1 мин
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына "Кедентранссервис" АҚ қызметкерлері арасында шахматтан турнир өткізілді. Жарыс lichess.org. сайтында онлайн режимде өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Ереже бойынша, классикалық шахмат турнирінде бір партия 20 минутқа созылады. Жүйе автоматты түрде жақын турнирлік ұпайлары бар еркін қарсыластарды таңдады. 15 партия ойналды.
Нәтижесінде 1 және 2 орындарды жылжымалы құрамды есепке алу, жөндеу және пайдалану секторының менеджерлері Ерлан Дүйсеков пен Әскербек Тұрғанов жеңіп алды. 3 орынды Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиал инженері Жігер Ділданов иеленді.
Естелік сыйлық турнир жеңімпазына ертең, 15 желтоқсанда, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында табыс етіледі.