Болашақ станциясының теміржолшылары жергілікті спорт жарысында топ жарды

Спорт
22.12.2021, 10:29
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған спорттық сайыстарда маңғыстаулық теміржолшылардың мерейі үстем болды. Әсіресе, Болашақ станциясының теміржолшылары бәйгенің алдын бермеді.

Болашақ ауылы әкімдігі ұйымдастырған әйелдер арасындағы 2 шақырымға жүгіруден өткен жарыста бас жүлденің үшеуін де теміржолшы нәзік жандар иемденді. Станция қызметкері Гаухар Аяпова, Гүлмаржан Барсединова, Асия Жайлиева қарсыластарын шаң қаптырып, мәре сызығын алдымен кесті. Сонымен қатар арқан тарту, гір тасын көтеру, волейбол ойындарынан да теміржолшылар командасының бағы жанды. Арқан тартыстан станция командасы екінші орынды иемденсе, 24 келілік гір тасын көтеруден үш жүлделі орынды да теміржолшы жігіттер еншіледі. Волейболдан станция командасы бірінші орын, магистральдық желі бөлімшесінің командасы үшінші орын алды.

– Болашақ станциясында жұмыс істейтін қыз-жігіттердің жетістігін көріп, таң қалғандар болды, олардың тек теміржолшы ғана емес, кез келген жарысқа ұялмай түсетін спортшы екендеріне де көптің көзі жетті, – дейді Болашақ станциясының басшысы Мақсат Нұрбеков.

Ал «Қаскортранссервис» компаниясы ұйымдастырған шағын футболда қалалық сегіз команда арасынан Маңғыстау теміржолшылары үшінші орыннан көрінді. Мұнайлы ауданы әкімдігі өткізген ерлер арасындағы волейбол жарысында да үшінші орын бұйырды. Арқан тартыстан екінші орынды алса, гір тасын көтеруден Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Қарақат Жақанов командаға бас жүлде сыйлады.

Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап