Семейлік теміржолшылар арасында футзалдан өткен бәсекеде ВЧД-23 командасы жеңіске жетті

Спорт
27.12.2021, 09:15
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған спорттық сайыстарды қорытындылады. Футзалдан өткен соңғы жарысқа желі бойынан жиналған жалпы саны 11 команда қатысты. Спорттың дәл осы түрі семейлік теміржолшылардың қолайына жағатындықтан қатысуға тілек білдіргендер де көп болыпты. Сол себептен де әрбір команда Дегелең, Шар сынды іргелі станциялардан әуесқой футболшыларды арнайы шақырып, мықты дайындықпен келіпті. Бірінші болып алаңға бөлімше чемпионы ШЧ-29 командасымен ВЧД-23 ойыншылары шықты. Тас-түйін даярлықпен келген вагон қараушылар әу бастан-ақ қарсыластарын ұпай санымен ойсыра ұтты. Осыған дейін алдына команда жіберіп көрмеген чемпиондар бұл жолы айтарлықтай қайрат көрсете алмады. Нәтижесінде Семей вагон пайдалану депосының теміржолшылары суырылып алға шықты. Кейінгі ойындарда да алғашқы жеңістен рухтанған вагон қараушылар айқын басымдықпен ұтып кетіп отырды. Бұл ойынға қатысушы барлық команда үшін күтпеген сенсациялық жағдай болатын. Осылайша, ойын да өз мәресіне жетті. Нәтижесінде бірінші орынды ВЧД-23 командасы иеленсе, екінші орынды ӘТЖК Семей филиалының жігіттері қанжығасына байлады. Жүлделі үшінші орынды НЖС-6 ойыншылары місе тұтты. Ал, жеңіске аз ғана ұпай жетпей қалған ТЧЭ-24 машинистері командалық есеп бойынша төртінші орынға тұрақтады.

– Жігіттер бабында екен. Әсіресе, Ардақ Тұмабаев, Айдар Құлтаев, Мұрагер Қасымханов және Әділхан Бедеров пен Жомарт Болатов өрнекті ойын көрсетті, – дейді ВЧД-23 мекемесінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Ертай Темірбеков.
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті