Түлкібас жол дистанциясында спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды

Спорт
22.04.2022, 12:30

Өткен сенбі күні Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің Түлкібас жол дистанциясында салалық кәсіподақ ұйымының 30 жылдығы мен Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне арналған спорттық шаралар өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz

Қатысушылар арқан тарту, шахмат, дойбы, кір тасын көтеру сынды спорттық ойындарда бақ сынасып, қызықты та тартысты сайыс өткізді. Кір тасын көтеруде өткел кезекшісі Ерлан Жолдыбекке жететін жан болмады, көпір шебері Айдос Өтеулиев екінші, жол жөндеуші Рауан Матеев үшінші орынды иеленді.

Шахматтан еңбек қорғау инженері Серік Қуанышбеков қарсыластарын түгел ұтып, бірінші орынға шықты. Жол жөндеуші Рамазан Каликулов те осал емес екенін танытып екінші, Мейіржан Әзбергенов үшінші орынға ие болды. Дойбыдан да жол жөндеуші Ержанат Ибрагимов бірінші, еңбекті қорғау инженері Серік Қуанышбеков екінші, жол жөндеуші Рамазан Каликулов үшінші орынды бағындырды. Жүлделі орыннан көрінген спортшыларға кәсіподақ тарапынан бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Жамбыл жол бөлімшесінің спортты ұйымдастыру-нұсқаушысы Евгений Тяньнің айтуынша, биылғы жылы кәсіби мерекелер мен даталы күндер құрметіне спорттық шаралар жиі ұйымдастырылмақ.

Айта кету керек, спорттық сайыстарға теміржолшылар белсене қатысты.

Ерман ӘБДИЕВ

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті