Ақтөбеде «Теміржолшы» спорт кешені ашылды

Спорт
13.05.2022, 13:00
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбедегі Әуе қалашығы ауданында ашылған спорт кешені жергілікті теміржолшыларды шексіз қуанышқа бөледі. Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекесіне орай "Теміржолшы" спорт кешенінің ашылу салтанатына спортсүйер қауым көп жиналды.

Спорт кешені көпшілік көңілінен шығатындай жабдықталған. Қажетті спорт құралдары да жеткілікті. Сондай-ақ, спортшылар үшін санитарлық-тұрмыстық жағдайлар да талапқа сай жасалған. Фитнес залы, ауыр атлетика, күрес құралдары, гимнастика, жүгіру қондырғылары бәрі бар. Қысқасы, жан-жақты спортпен шұғылдануға мүмкіндік мол. Кешен сала кәсіподағының қаржылық демеушілігімен ашылып отыр.

Ардагерлер мен теміржолшылар осы орталықтағы спорттық аппараттарды отбасымен тегін пайдалана алатыны да айтылды.

Нысанның ашылуына арнайы келіп қатысқан Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Бақытжан Қуанышев құттықтау сөз сөйлеп, заманауи спорт қондырғыларымен жабдықталған кешеннің әрбір теміржолшыға жігер беріп, серпіліс сыйлайтынына сенім білдірді.

– Кезінде Батыс Қазақстан теміржолының құрамында барлық әлеуметтік нысандар, спорт кешендері, бассейн, аурухана, мектеп, балалар бақшасы, шипажай – бәрі болды. Кейін Қазақстан темір жолы құрылып, әлеуметтік нысандар жергілікті басқару орындарының балансына өткесін, біз талай игіліктен айрылдық. Бүгін, міне, сол олқылықтың орнын толтырып, теміржолшылар өз спорт кешеніне ие болып жатыр. Биыл Көлік кәсіподағының құрылғанына 30 жыл. Мерекенің басы – осы спорт кешенінің ашылуы. Алда талай игілікке куә боламыз деп ойлаймын, қуаныштарыңыз құтты болсын, – деді Бақытжан Мұханбетұлы.

«Бүгінгідей қиын да күрделі кезеңге қарамастан осындай мүмкіндік сыйлап, жаңа заман талабына сай жаттығу орталығын ашу әр теміржолшыға жасалып отырған қолдау деп білеміз. Теміржолда жетістіктер көп болсын, елде бейбіт өмір болсын», – деп батасын берді ардагер теміржолшы Жеткерген Әлиев.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды