Астанада өткен марафонда атыраулық теміржолшылар топ жарды

Спорт
04.10.2022, 14:54
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

25 қыркүйек күні Астана қаласында өткен марафонға Атырау өңірінен қатысқан желаяқтар жүлделі оралды. Жарысқа аймақтағы теміржол мекемелерінен он адам қатысқан болатын.

Атырау жүк тасымалы қосалқы бөлімшесі, Атырау, Мақат локомотив деполары, Мақат станциясы, Атырау жол дистанциясы, Құлсары байланыс дистанциясы, Атырау вагон депосы теміржолшыларынан құралған топтың елордада асығы алшысынан түсіп, айы оңынан туды десе болады. Желаяқтар жарысында Атырау жол дистанциясының жол монтері Жалғас Муғамулин 30-39 жас аралығындағы ерлер арасында 5 шақырым қашықтыққа жүгіруден жүлделі 1-орынды иеленсе, Мақат локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Ерлан Жапаров 3-орынды жеңіп алды.  

Ал 40-49 жас аралығындағы әйелдер арасындағы 42,195 шақырым қашықтыққа жүгіруде Атырау вагон депосының өндірістік-техникалық бөлімі, вагон паркінің операторы Гауһар Толыбаева мәреден бірінші келіп, жүлделі 1-ші орынды иеленді. Осылайша бір өңірден үш бірдей жеңімпаз шықты.  

«Біздің жерлестеріміздің жетістігі мақтан етуге тұрарлық. Әсіресе Гауһардың 42 шақырымды қиналмай еңсеріп, жүзден жүйрік атанғаны зор мерей», – дейді Атырау бөлімшесінің спорт нұсқаушысы Ринат Иманғазиев.  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады