Машинистер жеңіс тұғырынан көрінді

Спорт
08.11.2022, 10:34
Суретті түсірген автор

Сексеуіл станциясында волейболдан турнир өтті. «Қазкөліккәсіп» ҚБ 30 жылдығына орай ұйымдастырылған турнирге бекеттегі барлық теміржол мекемелерінің қомандалары қатысып, бақ сынасты.

Командалар арасындағы өзара бәсекеден іріктеле келе үш команда алға шықты. Ақтық сында жүлделі орындар үшін барын салған командалардың қай-қайсысы да осал емес еді. Бірақ, бақ шаба ма, бап шаба ма демекші, жарыс басталғаннан бірін-бірі ыммен ұғысып, қарсыластарының осал жерін дөп баса білген машинистердің «ТЧЭ-36» командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Станцияның «ДС» құрамасы екінші орынды иемденсе, Сексеуіл жол дистанциясының «ПЧ-59» командасы үшінші орынды қанағат тұтты. Жүлдеге ие болған үш командаға «Қазкөліккәсіп» аймақтық филиалы басшылығының дипломы, бағалы сыйлық пен кубок берілді. Командаларына жанкүйер болған теміржолшылар мен кәсіподақ ұйымы белсенділерінің қолдауымен көрермендердің көзайымына айналған ойыншыларға да арнайы аталым бойынша сый-сияпат табыс етілді. Жарыста әдемі ойын өрнегін көрсеткен үздік ойыншы аталымы Баубек Наурызбаевқа берілсе, үздік қорғаушылар болып Бауыржан Тұрмантаев пен Мұхтар Игіліков таңдалды, ал үздік шабуылшы болып Жасаған Займолдаев танылды.  

– Тораптық станциядағы спорттық дода қызықты да тартысты өтті. Турнирдің өткізілетін уақыты алдын ала хабарланып, дайындық жасалды. Рас, кейбір команда мүшелері дайындық өткізуге мүмкіндіктері аз болып, уақыттары жетпей қалып жарыстан тыс қалып қойғаны өкінішті. Алайда жарысқа қатысқан командалар барлық мүмкіндіктерін салып, өрнекті ойын өткізді. Жанкүйерлер де көп жиналып, командаларын қолдап, дем беріп отырды, – дейді Сексеуіл жол дистанциясы кәсіподақ ұйымының төрағасы Көбейсін Рысмамбетов.  

Азамат ҚҰЛЫМБЕТ, Сексеуіл 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады