Жолшылар жеті мәрте жүлде алды

Спорт
11.11.2022, 10:58
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінде волейболдан кезекті аймақтық біріншілік өтті. Аталған шараға алдын ала іріктеуден өткен сегіз команда қатысып, өзара шеберлік сынасты.

Үш партиядан тұратын ойын барысы мейлінше тартысты өрбіді. Ақтық финалға жету жолында барлық командалар аянып қалмады. Ойынның соңғы шешуші сәттері қарсылас командалардың алма-кезек қарымта алмасуымен жалғасты. Бұл мезгілде жанкүйерлердің де дегбірі таусылған болатын. Әйтсе де, жарыстың аты жарыс, біреуінің бағы жанып, бірінің бабы жетпей жатады. Бұл жолы да суырылып алға шыққан жолшылар командасы ұпай саны бойынша өзге қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. ПЧ-39 командасы осылайша жыл ішінде жетінші мәрте жүлдегер болып, бөлімше чемпионы атанды.  

Келесі екінші орын ТЧЭ-24 машинистеріне бұйырды. Ұпай саны бойынша жолшыларға есе жібергені болмаса, локомотившілер де тәп-тәуір ойын көрсетті.  

Ал жүлделі үшінші орынға Жаңа-Семей жол дистанциясының жолшылары тұрақтады. Олар ақтық сында ӘТЖК Семей филиалының командасын жарыс жолынан ығыстырған болатын.  

Сайыстың қорытындысында бөлімше директоры Владимир Бабиченко сөз алып, жеңімпаздарды құттықтап, жүлдегер командаларды арнайы естелік сыйлықтар және дипломдармен марапаттады.  

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды