Ауыспалы кубок ауыспады

Спорт
20.03.2023, 12:35
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау вагон пайдалану депосының әкімшілігі мен оған қарайтын техникалық қызмет көрсету пункттерінің жұмысшылары биыл да Наурыз мерекесінде шағын футболдан ауыспалы кубокты өзара сарапқа салды. Кубокты алуға Бейнеу мен Маңғыстау станциясының арасындағы барлық ТҚКП вагон қараушы-жөндеушілерден құралған бірнеше команда бәсекеге түсті.

Мерекелік марапатты еншілеу оңай болмады. Бейнеу, Сай-Өтес, Шетпе, Маңғыстау станциясындағы ТҚКП және депо әкімшілігіндегі шыңдалған жігіттерден сараланған топтар бір-біріне дес бермей, допты ерекше ептілікпен ойнап көрерменді таң қалдырды. Дегенмен, мықтыдан мықты шығып, бірінші орынды Маңғыстау станциясындағы вагон қараушылар командасы жеңіп алды. Екінші орын депо жігіттеріне, үшінші орын Шетпеден келген қонақтарға бұйырды. Осылайша, ауыспалы кубок ауысқан жоқ, өткен жылғы иесі – Маңғыстау ТҚКП жұмысшыларының командасында қалды.

Ерекше ойын көрсеткендер түрлі аталым бойынша марапатталды. Самат Құдасбаев – үздік ойыншы, Болат Шарқатбаев – сүрмерген, Бердіхан Смағұлов – үздік қорғаушы, Қонақбай Ұбайдұллаев – үздік қақпашы, Айладыр Садақбай – көрермен көзайымы, Наурызбай Байтұрақов – ардагер ойыншы аталымдарын алды. Жеңімпаз топтар мен номинация иегерлеріне кәсіподақтың қолдауымен бағалы сыйлық пен дипломдар табысталды.    

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады