Жаңаөзендік теміржолшы мергендер сайысында топ жарды

Спорт
04.05.2023, 10:25
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы және ҚР Садақ ату федерациясының қолдауымен «Бату Хан Жебесі» дәстүрлі садақ ату федерациясы Атырауда ұйымдастырған «Алтын орда» атты халықаралық турнирде жерлесіміз жеңімпаз атанды. 13 мемлекеттен келген 150 ойыншының  арасында өзін көрсете білген жаңаөзендік мерген теміржолшы Самал Зулпыхаров бірінші орын алды.  

Жаңаөзендік әріптесінің жеңісіне бүкіл маңғыстаулық теміржолшы бір кісідей қуанды. Аталған ұлттық спорт түрімен айналысуды бастағанына аз-ақ уақыт болса да осындай жетістікке жетіп отырған оның мықтылығын мойындап, өнеріне тәнті болды. Бұл Өзен станциясы бастығының орынбасары болып еңбек ететін Самалдың осы спортқа келген бір жыл ішінде жеткен бірінші жеңісі емес. Бұған дейін де түрлі байқауда 2-3 орындарды алғанды.  

– Менің бағытым «Жамбы ату» нысанасы бойынша 89 адам өнер көрсетті. Содан алдымен 16 адам бір бірімен сынға түсті. Мен алғаш туркиялық чемпионмен жарыстым. Оны жеңіп, башқұртстандық мергеннен де  үстем түстім. Содан кейін Азия чемпионы Ерлан Тапеновпен сынастым. Финалда өткен жолы біздің қалада өткен жарыста «Жамбы ату» нысанасы бойынша Қазақстан чемпионы атанған Мақсатпен шықтым. Сондай мықты қарсыластарды жеңіп, 13 мемлекет арасында өткен «Алтын орда» жарысында 30 метрге жамбы атудан чемпион атану маған бұйырыпты. Қарап отырсақ 89 қатысушының көбі неше дүркін чемпиондар, әлемдік деңгейге шығып, орын алып жүргендер де болды. Жалпы «Жамбы ату» елімізде шығарылған нысана түрі. Аттың үстінде атылатын жамбы да бар, бірақ ол жақын арақашықтықтан, біздікі 30 метрден. Жамбы нысанасының көлемі 25 сантиметр, ені 10 сантиметр болады. Оның бір қиыншылығы бір орында тұрмайтындығында. Жел болса да, жанынан оқ өтсе де екпінімен бір орында тұрмай, қозғалып, айнала беретіндіктен дөп басып тигізу оңай емес, – дейді жеңімпаз жерлесіміз.  

Еске сала кетсек, Самал көп қырлы теміржолшылардан. Спорттың осы ұлттық түрінен бөлек қол күресі, волейболмен де шұғылданады. Волейболдан Маңғыстау теміржолшылары құрама командасының белді мүшесі болса, қол күрестен жарыстардан бос қайтпаған ойыншы. Еңбектегі жетістігі де жаман емес. Бірнеше жылдан бері түбектегі Өзендей үлкен станцияның жұмысын жүргізуде басшыға қолғабыс етіп, орынбасары қызметін абыроймен атқарып жүр.  

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады