Бейнеу станциясында асық атудан сайыс өтті

Спорт
11.05.2023, 10:47
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолында республикалық жазғы спартакиадаға іріктеу жарыстары басталды. Ұлттық спорт – асық атудан саралау сайыстары жуырда Бейнеу станциясында өтті.  

Онда Маңғыстау қосалқы бөліміне қарасты станциялар мен деполар ұжымынан, магистральдық желі бөлімшесіндегі дистанциялардан теміржолшылар бақ сынады.  Бейнеудегі бес теміржол мекемесінен барлығы 21 адам қатысты.

– Жеңімпаздар спартакиадаға жолдама алатындықтан үміткерлер жақсы дайындықпен келіпті. Қызықты өткен жарыс барысында тауар кассирі Меруерт Қабиева спартакиадаға жолдама ұтып алып,  «Алтын сақа» белгісімен марапатталды. Бейнеу станциясы ұжымынан Ерсайын Өмірғалиев бірінші орын, вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінен Тұрар Ниязов екінші орынды, Бейнеу жол дистанциясынан Айбек Оразбаев үшінші орын алды. Олар диплом және қаржылай сыйлықпен марапатталды, – дейді Маңғыстау теміржолының спорт нұсқаушысы Нұрайна Қыдырова.

Енді келесі айдың басында Маңғыстау станциясында шағын футболдан іріктеу кездесуі ұйымдастырылады. Ал оған дейін түбек теміржолшылары Бурабайда жиырма команда арасында волейболдан өздерін сынамақ.  

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады