Семейлік теміржолшылар арасында асық атудан тұңғыш рет сайыс өтті

Спорт
13.06.2023, 11:02
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылардың арасында ұлттық спорттық ойындардан жарыс өтіп жатыр. Жуырда кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен асық атудан ерекше сайыс өтіп, кіл «сұрмерген» шеберлерді анықтады.

Асық ату – еліміз бойынша ұлттық спорт түрлерінің қатарына қосылғанымен, ел шығысына енді ғана келіп жатыр. Теміржолшылар арасында да сайыс тұңғыш рет өткізілді.  

Дәлдік пен шеберлікті қажет ететін асық ату ойынының өзіндік ережелері бар. Арнайы шақырылған төрешілер қауымы қойылар талаппен таныстырып өткен соң, ерлер мен әйелдер екіге бөлініп ойынды бастады. Бірнеше топ өзара сайысқа түсіп, жеңімпаздар іріктеліп отырды.  

Басты міндет – сақамен дәл көздеп тізілген асықтардың бірін немесе бірнешеуін шеңберден шығарып жинау. Кім көп асық ұтып алады – сол жеңімпаз.  

Әйелдер арасында асықты қолына алғаш ұстағандар да, бала кезден асықты серік еткен нәзік жандар да бар екен. Семей станциясы қызметкері Гүлжан Қабдуллина бірінші орынды жеңіп алса, оның әріптесі Салтанат Қайрамбаева екінші орынды иеленді. Жалпы, станция қыздары ұлттық спорттың осы түрінен басым екендіктерін ойын барысында дәлелдеп үлгерді. Сол тәрізді НЖС-6 қыздары мен Әйгерім Тоқпанова бастаған «Транстелеком» АҚ Семей филиалының қыздары да ұлттық спорттың осы түрінен оларға шебер бәсекелес бола білді.  

Ал ерлер арасында алдына қара салмаған Семей вагон пайдалану депосының теміржолшылары болды. Бірінші орынды Абылай Амангелдин иеленсе, екінші орынға оның әріптесі Мұрагер Қасымханов лайық деп танылды. Барлық жеңімпаздар кәсіподақ ұйымы тарапынан әзірленген ақшалай сыйлық пен арнайы марапат қағаздарын иеленді. Енді барлық жеңімпаздар алдағы уақытта Көкшетау өңірінде өтетін республикалық сайыста Абай елінің намысын қорғайтын болады. Олар жаттығуды қазірден бастап кетті.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады