Арыста құрметті теміржолшыны еске алу турнирі өтті

Спорт
16.06.2023, 11:13
Суретті түсірген автор

Арыс қаласындағы Игібай спорт кешенінде құрметті теміржолшы Мәткерім Тұрысбековті еске алуға арналған футбол турнирі өтті.

Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Арыс жол дистанциясының ұйымдастыруымен өткен турнирге 11 команда қатысты. Бір кездері қатардағы жолшы болып еңбек жолын бастаған Арыс жол дистанциясында Мәткерім Оңалұлы 37 жыл еңбек етіпті. Теміржолшылар әулетінің өкілі таңдаған кәсібінің барлық сатысынан өтіп, бригадир, айналым шебері, аға шебер, жол жөндеу бөлімінің бастығы дәрежесіне дейін өсіп, байырғы жолшылар мекемесіне бір кісідей еңбегі сіңді. Құрметті теміржолшы атанды. 2020 жылы 25 қазанда дүниеден озды.  

Бүгінде теміржолшы династиясын жалғастырған ұлы Мұхит Тұрысбеков Арыс жол дистанциясы 2-айналымының жол бригадирі болып тер төгуде.  

Тартысқа толы футбол турнирінің қорытынды есебі бойынша жеңіске жеткен командалар марапатталды. 1-орын алған команда 50 000 теңге, 2-орын – 30 000 теңге, 3-орын 20 000 теңге иемденді. Барлық команда кубок медалімен марапатталды. «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» номинаттарға да қаржылай сыйлықтар және ПЧ-54 Арыс жол дистанциясы басшысы Махмуд Рысбековтің атынан дипломдар табысталды.  

Шара соңында теміржолшының ұлы Мұхит Тұрысбеков пен жары Айжарқын Арыстанқызы марқұмның рухына құран бағыштап, ас берді.  

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады