Жамбылдық теміржолшылар арасында шахматтан турнир өтті

Спорт
13.12.2023, 15:05
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбылдық теміржолшылар мен ардагерлер арасында шахмат пен дойбыдан турнир өткізді. Екі күнге созылған сайыста үздік ойыншыларды анықтау оңайға соққан жоқ.

Кәсіподақтың ұйымдастыруымен өткен сайыс еліміздің ең ұлық мерекесі -  Тәуелсіздік күніне арналды. Жалпы Жамбыл жүк  тасымалы бөлімшесінде спорттық бәсекелер жиі ұйымдастырылып тұрады. Бөлімшенің спорт нұсқаушысы  Амангелді Байходжаевтың айтуынша, бұл – жыл ішінде екінші рет өткізіліп отырған дәстүрлі бәсеке екен. Шыдамдылықпен қатар, шапшаң ойлауды қажет ететін шахмат пен дойбыны ақылдылар ойыны деп бекер атамайды. Ойыншының логикалық жүйесі жүйрік болуымен қатар, қарсыласының ойын барлай алатын, келесі жүрісін болжай алатын сезімталдық керек. Ал бұл қасиеттердің бәрі теміржолшылардың бойында бар. Себебі тұтас саланың жұмысы тоқтаусыз жүруі үшін мамандарға қойылатын талап пен жауапкершілік жүгі жоғары.

Ақыл мен ой алаңында бас қосқандар тамаша турнир өткізді. Таң қаларлығы сол, «ТЧ-31» локомотив пайдалану депосының ардагері, зейнеткер В.Устинов шаршы тақта алдында шахматтан да, дойбыдан да қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Шахматтан 2-орынды «ЭЧ-21» электрмен жабдықтау дистанциясының өндірістік оқыту шебері М.Құлбаев иеленсе, үздік үштікті «ЭЧ-23» Сарышаған станциясының энергия диспетчері Ж.Тұрарбек түйіндеді.

Ал дойбыдан «ТЧ-31» локомотив пайдалану депосының ардагері С.Русин 2-орыннан көрінді. 3-орынды жол дистанциясында еңбек етіп зейнетке шыққан теміржолшы А.Қрымбаев еншіледі. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.  

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті