Семейлік теміржолшылар шаңғы теуіп жарысты

Спорт
06.03.2024, 17:48
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар қысқы спорт түрлерінен өтетін сайыстарды қорытындылады. Бұл жолғы «кәсіподақ шаңғысы» қазақ теміржолының 120 жылдық мерейтойына орай жекелей және командалық жарыс түрінде өтті. Жылдамдық пен ептілік сынға түсетін осынау байқауға желі бойындағы бірқатар мекемелерден кіл мықты теміржолшылар жиналды.

Әуелгі кезекте «Қазкөліккәсіп» Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов сөз алып, сайысқа қатысушы барлық шаңғышыларға табыс тіледі. Осыдан соң барлық қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай өзара бірнеше топқа бөлініп, жарыс жолына шықты. Атап айтсақ, әйелдер, ардагер әйелдер (35 жас және одан жоғары), ерлер мен ардагер ерлер (40 және одан жоғары) топтары қалың орман арасын жалғыз аяқты шаңғы жолымен санаулы минуттар ішінде жүгіріп өтті. Әйелдер шаңғымен 1 км, ерлер 1,5 км қашықтықта сынға түсті. Бір ерекшелік, қатысушылардың басым көпшілігі мұндай сайысқа алғаш рет қатысқан болатын. Әйтсе де, жанкүйерлердің қиқуына толы, тартымды өткізілген жарыс нәтижесі көп ұзамай белгілі болды.

Жеңімпаздар қатарында Анар Нығметжанова (ПЧ-39) және Салтанат Закарьянова (Семей станциясы) бірінші орын алды. Ал екінші орынды Салтанат Серікқан (Жана-Семей станциясы) және Лаура Оралова (ШЧ-29) сынды жүйріктер болды. Ал ерлер арасында өз топтары бойынша үздік нәтиже көрсеткендер Мұрагер Қасымханов (ВЧД-23) және Еркін Қабышев (ЭЧ-18) болды. Жүлделі екінші орынды Рустам Мұхаметжанов (ШЧ-29) және НЖС-6 бөлімшесінен Нұрлан Бегәділов қанжығаларына байлады. Жалпыкомандалық есеп бойынша жеңімпаздары көп болғандықтан Семей жол дистанциясы 42 ұпай жинап, бірінші орыннан көрінсе, екінші орынды 36 ұпаймен ШЧ-29 мекемесінің теміржолшылары иеленді. Ал жүлделі үшінші орынды 35 ұпаймен ЭЧ-18 мекемесі еншіледі. Сайыстың қорытынды сәтінде барлық жеңімпаздар мақтау грамоталарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Әйтседе, ең бастысы жарыс жолына шыққан теміржолшылар қауымы таза ауа аясында бой жазып, көңіл сергітіп, бір жасап қалды. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?