Таразда Наурыз мейрамына орай шахматтан жарыс өтті

Спорт
18.03.2024, 13:04
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Наурыз мерекесі қарсаңында жамбылдық теміржолшылар арасында дартстан және шахматтан жарыс өтті.    

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің кәсіподақ комитеті ұйымдастырған және демеушілік жасаған жарыс қызықты және тартысты өтті. Әсіресе теміржолшы қыз-келіншектердің мергендігі сыналған бәсеке өте шиеленісті өрбіді. Жеке шеберлік сынға түсетін жарыста төрешілерді «ШЧ-36» спортшыларының командалық дайындығы таңғалдырмай қалған жоқ. Жүлделі үш орын да осы команданың еншісіне тигені сөзіміздің жәлелі болса керек. Атап айтсақ, 1-орынды Ақбота Ембергенова жеңіп алса, 2-орын Айшабибі Байболова иеленді. Үздік үштікті Алтын Ташенова түйіндеді.

Ал шаршы тақта алдындағы жарыстың басты жүлдесі «ЭЧ-21» электрмен жабдықтау дистанциясының өндірістік оқыту шебері Марат Құлбаевқа бұйырды.

Ойшылдар ойынының финалына дейін жеткен «ЭЧ-23» мекемесінің аға энергодиспетчері Жарас Тұрарбеков 2-орынды еншіледі. Ал ардагер теміржолшы Жасұзақ Алтыбаев 3-орынды олжалап, үздіктер қатарынан көрінді.

Наурыз мерекесінің бастауы болған спорттық бәсекеге белсеніп келіп жүлде алғандардан бөлек барша қатысушыларға сый-сияпат жасалды.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті