Семейде теміржолшылар арасында волейболдан турнир өтті

Спорт
23.05.2024, 15:39
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде Қазақстан теміржолының 120 жылдық мерейтойы  аясында волейболдан Семей өңірінің біріншілігі болып өтті.  

Бөлімше чемпионатының ресми түрдегі ашылу салтанатында арнайы шеру өтіп, бөлімше директорының бірінші орынбасары Ғабит Есқожанов қатысушыларға сәттілік тіледі. Біріншілікке өзара үш топқа бөлінген 9 команда қатысты. Өз топтарында бірінші орын алған командалар бір-бірімен кездесу өткізді. Осылайша алдын ала ойындардың нәтижесі белгілі болған соң соңғы финалдық кездесуге үш команда шықты. Олар өз топтарынан суырылып шыққан НОДГП, ТЧЭ-24 және Жана-Семей станциясы болатын.  

Соңғы ойындар қызықты және мейлінше әсерлі болды. Зал толы жанкүйерлер қиқуы әр командаға дем беріп, волейболшылар барын салды. Айта кетерлігі, бұл біріншілікке желі бойындағы барлық мекемелерден дерлік ойыншылар жиналған болатын. Әсіресе, НОДГП құрамында өнер көрсеткен 5-ші класты Жарма станциясының қозғалысшылары ерекше белсенділік көрсетті.  

– Ойындар барысында қарымта шабуылдар көп болды. Ешбір команда бір-біріне есе жібермеуге тырысты. Волейбол – семейліктердің сүйікті ойыны болған соң  мейлінше тартысты өтті, – дейді бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесінің «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы Наталья Мешкова.

Есеп бойынша ең көп ұпай жинаған НОДГП командасы бірінші орынды қанжығаға байлады. Ал екінші орынды ТЧЭ-24 волейболшылары иеленсе, үшінші орынды Жана-Семей станциясының командасы жеңіп алды. Барлық жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және кәсіподақ ұйымы әзірлеген сыйлық – сертификаттармен марапатталды.

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл