Қос мерейтой құрметіне спорттық сайыс өтті

Спорт
07.08.2024, 09:02
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан теміржолының 120 жылдығы мен Маңғыстау теміржолының 60 жылдығы құрметіне түбек теміржолшылары арасында спорттың бірнеше түрінен сайыс өтті.

Спорт нұсқаушыларының ұйымдастыруымен Бейнеу станциясында теміржолшылар шағын футболдан, Өзен станциясында асық ату, ләңгі тебу, арқан тартудан жарысты. Бейнеудегі сайысқа жергілікті теміржол мекемелерінен жеті команда қатысып, бірінші орынды Техникалық қызмет көрсету орталығының жігіттері жеңіп алды. Бейнеу станциясы екінші, Қалпына келтіру пойызының ұжымына үшінші орын бұйырды. Сондай-ақ, ВП-11 мекемесінен Дархан Белеуов «Үздік ойыншы», станциядан Айболат Әлиев «Үздік қақпашы», вагон қараушы Азамат Өмірғалиев «Сұр мерген» аталымына ие болды.  

Жаңаөзенде өткен ұлттық ойындар жарысына қатысушылардың да қарасы көп болды. Бәрінің бірдей асығы алшысынан түспесе де, асық атуға қазіргі жастардың да ебі бар екені көрініп тұрды. Вагон депосынан Тұрар Ниязов бірінші орын алса, Өзен станциясынан Самал Зұлпыхаров - екінші, Саламат Жанжігітов үшінші орынға ие болды. Ләңгі тебу де өнер, байланыс және белгі беру дистанциясынан Айтуар Утеулиев шеберлігімен бас жүлдені еншілесе, Тұрар Ниязов екінші, Берден Жанасов үшінші орын алды.  

Арқан тартуда бірінші орынның жеңімпазы байланыс және белгі беру дистанциясы болды. Екінші орынға электрмен жабдықтау дистанциясы, үшінші орынға вагон депосы жайғасты. Жеңімпаздар ақшалай сыйлық және дипломдармен марапатталды.  

Ал Маңғыстау станциясында шағын футбол жарысы өтті. Жеңімпаз команда Батыс өңірлік жарысқа жолдама алатындықтан қатысушы он команданың бәрі де есесін жібермеуге тырысып бақты. Ойын қорытындысы бойынша Құрық портынан келгендер бірінші, Байланыс және белгі беру дистанциясының командасы екінші, локомотив депосының ұжымы үшінші орынды иеленді. Жеңімпаз командалар қаржылай сыйлық, дипломмен марапатталып, бірінші орын алған команда Батыс өңірлері аралық белдесуде бақ сынау мүмкіндігін алды.  

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады