Шахмат – тамаша ойын

Спорт
14.03.2025, 08:56
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде теміржолшылардың ерекше ойлау қабілетін шыңдауға, ойды жедел және дәл қабылдауға мүмкіндік беретін шахмат турнирі ұйымдастырылды.

Іс-шара “AMANAT” партиясының бастамасымен, сондай-ақ “Магистральды желі” БПҰ төрағасы Ербол Тәңірбекұлы Сәулебековтің қолдауымен өтті. Турнир “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында өткізіліп, бөлімше ардагерлері мен жастардың басын қосып, олардың тәжірибе алмасуына, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталды.

Сайысқа Қызылорда облысының аға жаттықтырушысы Риза Қошқарова төрағалық етті. Ал жарыстың ашылу салтанатында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің экономика және қаржы бойынша директордың орынбасары Роза Қалжанқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры, “Магистральдық желі” БПҰ төрағасы Ербол Тәңірбекұлы Сәулебеков қатысушыларды марапаттап, бұл турнирдің маңыздылығына тоқталды. Ол ардагерлер мен жастардың осындай бірлескен шараларда кездесуі  –  тәжірибе алмасудың, бір-бірінен үйренудің тамаша мүмкіндігі екенін және достық қатынас орнатудағы маңызыны айта келе барша қатысушыларға сәттілік, жеңіс тіледі.  

Шахмат турнирі өте тартысты өтті. Ардагерлер өздерінің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-ой кемеңгерлігін көрсетсе, жастар жағы жылдамдық пен стратегиялық ойлау қабілетін дәлелдеді.

Шаршы тақтадағы жарыс нәтижесінже ардагерлер мен жастарды бөлек-бөлек марапаттау жасалды. Ардагерлер тобының арасынан жеңімпаздар құрметін Мәмбетов Әділ 1-орын, Шайжан Марат 2-орын, Қалиев Тұрақбай 3-орын иеленіп, кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлығына диплом, кубокқа ие болды.

Ал, жастар арасындағы турнир соңында Берік Өмірзақов 1-орын, Әлихан Батырхан 2-орын, Анаргүл Қарымсақова 3-орынды қанжығалады.

Сондай-ақ, ардагер-теміржолшы Мұстафаев Айдар мен жас маман Мәмбетов Қуаныш турнирге белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

– Бүгінгі шахмат турниріне қатысу мен үшін ерекше қуаныш. Шахмат тек ойын ғана емес, ол тәртіп, сабырлық пен стратегиялық ойлау қабілетін дамытатын спорт. Біз осында өзіміздің дағдыларымызды сынап, бір-бірімізден үйрену үшін жиналып отырмыз. Осы турнирде әрқайсымыздың мақсатымыз-жеңіске жету, бірақ ең бастысы-өзара сыйластық пен достықты нығайту. Баршаңызға сәттілік, жеңіске жетуге тек жақсы ойын мен ақыл-ой қажет, - дейді турнир жүлдегері Анаргүл Қарымсақова

Бұл турнир шахмат ойынының тек спорт қана емес, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтатын маңызды құрал екенін көрсетті. Аймақтағы салалық мекемелердің ардагерлері мен жастар арасындағы ұрпақтар сабақтастықтығының жарқын көрінісі болды Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасады деп сенеміз!

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады