Теміржолшылар шахматтан бақ сынасты

Спорт
07.04.2025, 09:16
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылордалық теміржолшылар арасында спорттық шаралар кестесіне сәйкес шахмат турнирі өткізілді. Оған Қызылорда станциясындағы салалық мекемелердің теміржолшыларынан Қызылорда локомотив пайдалану депосының машинистері Алмат Аманқұлов пен Данияр Сағатбеков, Белкөл станциясының теміржолшысы Қанжар Ділмағанбетов, Қызылорда жол дистанциясының инженері Берік Өмірзақов, ардагер-теміржолшы Арғынғазы Сқақов пен Қызылорда магистральды желі бөлімшесінің инженері Бекзат Фаизовтар қатысты. Турнир Бауыржан Ахметов жетекшілік ететін «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының кәсіподақ мүшелерінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Теміржолшылардың интеллектуалдық сайысы Қызылорда локомотив пайдалану депосының машинисі Алмат Аманқұловтың бірінші орынды жеңіп алуымен аяқталды. Турнирдің мақсаты – тек жеңімпазды анықтау ғана емес, теміржолшылар арасында зияткерлік орта қалыптастыру, бірлікті нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Шахмат тек ойлау қабілетін дамытумен шектелмей, қатысушылардың стратегиялық ойлауын, тактикалық шеберлігін шыңдады. Әр ойыншы өз фигуралары арқылы қарсыласының әлсіз тұстарын пайдаланып, жеңіске жетуге талпынды.

«Шахмат – тек ойлау қабілетін ғана емес, сонымен қатар татулық, бірлік пен салауатты өмір салтын насихаттайтын спорт түрі. Қатысушылар арасында өрбіген бұл интеллектуалдық сайыс теміржолшылардың арасындағы өзара достықты нығайту мен зияткерлікті дәріптеуге бағытталды. Шаршы тақта үстіндегі ойын бір жағынан, теміржолшылардың шеберліктерін, ақыл-парасатын, стратегиялық ойлау қабілеттерін жетілдіруге талпындырса, екінші жағынан оларды жаңа мақсатқа жетуге ынталандырды. Әр бір теміржолшы ойын барысында шахмат ойынының патша, уәзір, кеме, піл, ат, сарбаз сынды әрбір фигурасының әрқайсысы белгілі бір мақсатқа қызмет етіп, әрбірінің тактикасы ерекше орын алады»,-дейді әріптестерінің ойынына төрелік жасаған спорт секторы Бақытжан Имбергенов.

Қызылордалық теміржолшылардың шахмат турнирінде шеберлік пен тактикасын жоғары деңгейде көрсете білген Алмат Аманқұлов бірінші орынды жеңіп алып, турнирдің ең үздік ойыншысы атанды. Шахматта шеберлік пен тактиканың арқасында топ жарған Алмат Аманқұловтың жеңісі оның ұзақ уақыт бойы шахматпен айналысып жүрген тәжірибесінің нәтижесі болды. Ойлау қабілеті мен тактикалық шеберлігін көрсетіп турнирдің қиын кезеңдерінде қарсыластарына төтеп берген Қызылорда жол дистанциясының инженері Берік Өмірзақовқа 2-орын бұйырды. Ал шахматтағы тәжірибесі мен ойлау жылдамдығы жоғары деңгейде болған Белкөл станциясының теміржолшысы Қанжар Ділмағанбетов 3-орынды еншіледі.

Жүлдегерлер «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалы тарапынан диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл сайыс теміржолшылар арасындағы достықты нығайтып, зияткерлік мүмкіндіктерін арттырып, бірлікті нығайтуға бағытталды.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда