Күзет сарбаздары арасында спартакиада өтті

Спорт
23.04.2025, 13:28
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш станциясында «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Ақтөбе филиалының ұйымдастыруымен спартакиада өтті. Жүзге жуық күзет қызметінің сарбаздары футбол және ұлттық ойын түрлерінен өзара жарысты.

Кәсіподақ комитеті демеушілік жасаған спартакиада Қандыағаш станциясында өтті. Атқыштар командасы гір көтеру, қол күресі, арқан тарту және футбол ойындарынан жекелеген және командалық жарыстарға қатысты.

Спартакиада Қандыағаш атқыштар командасын ұзақ жыл басқарған Әбдімұрат Сартабановтың зейнет жасына келуіне орай ұйымдастырылды. 

«Ғасырдан аса тарихы бар компанияның дамуына жеке үлесін қосып, қырағылық пен жауапкершіліктің үлгісі болған әріптестеріміз аз емес. Бүгінгі шара осындай бір әріптесімізді зейнетке шығарып салу ғана емес, ұжымдық рухты, бірлікті көтеру болмақ», – деді «ӘТЖК» ЖШС Ақтөбе филиалының бастығы Сарыбай Сәрсенов.  

Жүзге жуық қызметкер он командаға бөлінді. Олар әр станциядағы атқыштар командасы жеке команда құрып, жүзге жуық адам қатысқан айтулы додада шың мықтыны анықтау оңайға түспеді.  

«Бұл шараны мекеме басшыларының қолдауымен ұйымдастырдық. Қандыағаш атқыштар командасын басқарған Әбдімұрат Қалдыбайұлы қырық жылдан аса теміржол саласында еңбек етіп жүр. Өмір жолы жастарға үлгі», – деді Ақтөбе филиалының кәсіподақ төрағасы Әділхан Мұсаұлы.  

Әбдімұрат Сартабанов Қандыағаш атқыштар командасының бастығы қызметін 20 жылдан аса атқарған. Мәскеуде әскерилендірілген теміржол күзеті қызметі мамандығы бойынша жоғары білім алған  еліміздегі санаулы адамның бірі.  

Ол теміржолшылар қалашығы атанған Шалқар ауданының тумасы. 1980-82 жылдары әскери борышын өтеп, теміржол саласына жұмысқа кіреді. Алғашқы еңбек жолы жол монтері болудан басталып, кейін электр механигі болады. Әскерилендірген теміржол күзеті қызметінде 1984 жылдан бастап еңбек етеді.  

«Өмірімнің бәрі темір жол бойында өтті. Жасөспірім шақта да жарты жалақы алып, жазғы демалыста 6 сағаттық жұмыс істейтінбіз. Алғашқы табысымды 14-15 жасымда алдым. Өмір бойғы еңбек нанын осы жерден таптым. Темір жол мені көп нәрсеге үйретті, тәрбиеледі», – деді Әбдімұрат Сартабанов.  

Теміржолшылар отбасында дүниеге келген кейіпкеріміздің әкесі мен анасы өмір бойы жолшы болыпты. 15 ағайынды, бауырларының бәрі теміржолшы. Үйдегі де, түздегі де  әңгімелері шойын жолдың айналасы.  

Күзет сарбаздары арасындағы спартакиада жоғары деңгейде өтіп, әр спорт түрінен үздіктер, жекелеген ойыншылар анықталып, бағалы сыйлықтар және алғыс хатпен марапатталды. Жалпы командалық есепте Ақтөбе атқыштар командасы үшінші орын, Шалқар атқыштар командасы екінші орын иемденіп, жүлделі бірінші орын Қандыағаш командасында қалды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды