Бес вагон сүйреп рекорд орнатты

Спорт
12.05.2025, 12:12
Суреттер time.kz сайтынан алынды
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкентте қара күш иесі Артық Досалиев салмағы 120 тонна болатын 5 вагонды сүйреп, жаңа рекорд орнатты. Оқиғаны көрермендер мен Қазақстан рекордтар кітабының өкілі бақылап, көрсеткіш ресми түрде тіркелді.

Айтулы оқиға Қызылсай станциясы қызмет көрсететін аумақта орналасқан кәсіпорынның тұйық жолында болды. Қызықты сәттің өтуіне мұрындық болған станция басшысы Баянды Раманқұловпен байланысып, оқиғаның жай-жапсарын сұрадық. Ол сәуір айының басында кеңсеге хат түскенін айтты. Онда ел ішінде саламатты өмір салтын ұстануды кеңінен насихаттау мақсатында арнайы іс-шара өткізу көзделіп отырғаны баяндалған екен.

– Біз өз кезегімізде жоғары тұрған сала басшыларымен хабарласып, рұқсат алып бердік, – дейді Баянды Мамырқұлұлы.

Негізінен, зауыттағы темір жол учаскелері жекеменшік мүлік болғанымен, станцияға тиесілі локомотивтер жүк вагондарын кіргізіп-шығару қызметін атқарады. Сондықтан да қос мекеменің жауапты мамандары өзара түсінісе отырып, еңбек көрігін қыздырып келеді. Осы орайда зауыт пен станция арасында жылжымалы құрам қатынасын реттеп отыратын маман «Сандарт цемент» ЖШС өкілі Әсет Махамбетқалиевпен де тілдестік. Ол өз кезегінде көпшілікті таңдандырған қара күш иесі Артық Досалиевтің бауыры ертеректе осы кәсіпорында қызмет еткенін атап өтті.

– Сол азамат бізге келіп, ағасының ой-ниетін зауыт басшылығына айтып, қолдау табады. Содан өндіріс орнында қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтай отырып, жұмыс қарқынын бәсеңдетпейтін мүмкіндіктерді қарастырып осы оқиғаны ойдағыдай өткіздік, – дейді Әсет Әбдіхалықұлы.

Азаматтардың айтуынша, пауэрлифтингтен спорт шебері, бес дүркін әлем чемпионы, екі мәрте Еуропа чемпионы, Азияның сегіз дүркін жеңімпазы Артық Досалиевтің рекорд орнатуы үшін оның тыңғылықты дайындық жасауына жағдай жасалған.

– Сәуірдің 15-інен бастап зауыт іргесіндегі тұйық жолдың қайсысы қай кезде босайтынын алдын ала Артық ағамызға хабарлап отырдық. Әрине, ол келіп, бой қыздырып, жаттығуға кіріскенше біз 5 вагонды жолға қойып үлгердік. Осылайша, алаңсыз жаттығуын қамтамасыз еттік, – дейді Әсет Әбдіхалықұлы.

Тағы бір айта кететіні жаттығу кезінде тұйық жолдың тегістік деңгейі де баса назарға алынған. Яғни, вагондар инерциямен келіп, өздігінен тоқтайтын жол таңдалып, рекордтық көрсеткіш сол жерде тіркелген.  

Оқиға орнында Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков болып (бұл кісі біздің газеттің алғашқы редакторы болғанын да айта кеткен жөн), рекорд «таза» тіркелуі үшін жолдың тегістігін алдын ала арнайы құралдармен тексерген. Рельстің горизонталь болуын қадағалап, кейін Артық Досалиевтің жалпы салмағы 120 тоннаны құрайтын 5 вагонды 21 метр 40 сантиметрлік қашықтыққа сүйрегенін тіркеген. Оның айтуынша, бұған дейін Қазақстанда мұндай рекорд тіркелмеген. Ал кейіпкердің өзі бұл жетістігін Жеңістің 80 жылдығына арнап, батыр бабалар рухына құрмет көрсетуді мақсат еткенін айтады.

–Келесі жылғы Жеңіс күніне орай, 6, 7, 10, тіпті 20 вагонды сүйреуге ниеттімін, – дейді рекордсмен-спортшы.

 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды