Семейде теміржол ардагерлерін еске алу турнирі өтті

Спорт
24.06.2025, 09:21
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша аймақтағы сала кәсіподағы қызметінің ардагерлері – Құрметті теміржолшы Алик Досанов пен Асхат Жармұхаметовты еске алу турнирі болып өтті.

Осымен екінші жыл өткізіліп отырған біріншілік, кезінде марқұм Алик Досанұлының өзі тікелей салынуына ұйытқы болған қаланың «теміржолшылар ауданындағы» футбол алаңында ұйымдастырылды. Спорттық шараға бөлімшедегі кәсіподақ белсенділері, марқұмдардың туыстары мен жақындары келді.  

Жиынның беташар рәсімінде бөлімше басшысының орынбасары Ерғазы Жұмаділов пен «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов сөз алып, лебіз білдірді, командаларға сәттілік тіледі.  

Шағын-футбол турниріне байтақ желі бойындағы теміржолшылар арасынан іріктелген командалар қатысып, өзара жүлделі орындарды сарапқа салды. Барлық ойыншылар – түрлі спорттық додаларда сынға түсіп жүрген әуесқой футболшылар болатын. Сондықтан да жеңісті қолдан бермеуге тырысып бақты. Ойын барысы мейлінше қызық әрі тартысты өрбіді.  

Әйтседе, көп ұзамай біріншілік нәтижесі де белгілі болды. Биылғы еске алу турнирінің жеңімпазы болып шалғайдан келген Аягөз станциясының командасы танылды. Екінші орынды НЖС-6 командасы жеңіп алса, жүлделі үшінші орын НОД-ЖТ спортшыларына бұйырды. Ал Шар станциясының теміржолшылары бұл жолы төртінші орынды қанағат тұтты. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, біріншілік кубогының иегерлері атанды. Оларға бағалы сыйлықтар тарту етілді.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады