Кәсіби мерекеге орай турнир өтті

Спорт
05.08.2025, 10:43
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Кәсіби мереке және теміржолшылар кәсіподағының 120 жылдығына орай Шу және Тараз станцияларында төрт спорт түрінен турнир өтті.

Шу станциясында өткен тораптық жарыста теміржолшылар үстел теннисінен сынға түсіп, арқан тартудан кім мықтыны анықтады. Білек күшімен қатар, тактика да сыналатын командалық бәсекеде ШЧ-5 Шу белгі беру және байланыс дистанциясы жеңіске жетті. Шу станциясының құрамасы 2-орынды еншілесе, ЭЧ-22 тобы үздік үштікті түйіндеді.  

Ал үстел теннисінен ЭЧ-22 Шу электрмен жабдықтау дистанциясының электромонтері Есбол Нәжетханов 1-орынды олжалады. Айналымдық жүйеде қарсыластарына ұпай алдырмай финалға дейін жеткен ШЧ-35 дистанциясының маманы Еркін Нарбаев 2-орынды қанағат тұтты. 3-орынды еншілеген Әділ Ақышев ЭЧ-22 дистанциясы командасының қоржынына тағы бір ұпай салды.  

Тараз станциясындағы шахмат пен армрестлингтен өткен турнир де тартысқа толы болды. Кәсіподақ ұйымы Жамбыл филиалының спорт нұсқаушылары жылдан-жылға шахматшылар арасындағы бәсеке артып келе жатқанын айтады. Шахматтан «ЖРС» ЖШС-нің қызметкері Досбол Түймебек қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырына көтерілді. 2-орынды ЭЧ-23 Сарышаған электрмен жабдықтау дистанциясының ойыншысы Жарас Тұрарбек еншілесе, ЭЧ-21 Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының маманы Марат Құлбаев 3-орыннан көрінді. Ал армрестлингте жүлделі орындарды Дәулет Жұмабек («ЖРС» ЖШС), Асхат Жұқанов (Тараз көліктегі оқу орталығы) және Хайдар Ахмет («ЖРС» ЖШС) иеленді.  

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кәсіподақ ұйымының атынан кубок, грамота, медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады