Қызылорда теміржолшылары арасында шағын футболдан турнир өтті

Спорт
27.08.2025, 10:02
Суреті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Кәсіподақ ұйымының 120 жылдық мерекесіне орай жыл басынан бері аймақ бойынша төрт тораптық станцияда өткізілген аймақтық іріктеу турының жолдамасын ұтып алған жеңімпаз анықталды. Ол Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34»құрама командасының ойыншылары. Олардың қатарында машинистер – Р. Есенбеков, Н. Көбеков, Н. Ибадулаев, машинист көмекшілері – К. Сегізбаев, А. Алмурзаев, Д. Шүленов, Н. Серікбаев пен А. Қонымбетовтер бар.

Теміржолшылар үшін еңбек пен спорт егіз ұғым. Қауіпсіздік пен тәртіпке сүйенген олардың бойындағы сергектік шағын футбол алаңында да айқын көрінеді. Қайсарлық пен ептілік, командалық рух пен жеңіске деген жігер осы доданың басты айғағы болды.

Турнир басталар алдында әріптестерін құттықтаған «Қазкөліккәсіп «ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов пен спорт нұсқаушы Бақытжан Имбергеновтер тораптық жарыстың жеңімпазы атанып топ жарған үздіктердің жолдаманы сарапқа салар ойынына сәттілік тіледі. Ойын барысында футболдың қауіпсіздік қағидалары мен ойын тәртібін қатаң сақтау қажеттігін ескертіп теміржолшыларға сәттілік тіледі.

«Қызылорда станциясында Кәсіподақтың 120 жылдық мерейтойы аясында ұймдастырылған спорттық шаралар жүргізіліп жатыр. Бүгін шағын футболдан «ҚАЗКӨЛІККӘСІП-2025 теміржол футбол лигасының кубогы» іріктеу турнирі өтті. Жарысқа бұған дейінгі ойындардағы 16 құрама команданың ішінде, дараланып әріптестерін тізе бүктіріп, жеңіске жеткен Сексеуіл жол дистанциясының «ПЧ-59», Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының «ШЧ-40», сондай-ақ Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» құрамалары қатысып, келесі өңірлік айналымның жолдамасын сарапқа салды. Шымкент қаласында өтетін оңтүстік аймақтық турнирдің ойынына берілетін жолдаманы «ТЧЭ-34» құрамасы иеленді. Бұл турнир теміржолшылардың бірлігін, ұйымшылдығын арттырып қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған игі бастама. Бүгінгі ойын келесі өңірлік кезеңге жолдама беретін шешуші сын. Сондықтан қатысушыларға тек жеңіс емес, әділ әрі қауіпсіз ойын көрсетуді тілеймін, – деді төраға Бауыржан Ахметов.

Алаң ортасынан басталған алғашқы белгі беруден-ақ тартыс қызды. Қарсыластар допқа таласуда аянбай, бірінен бірі басым түсуге тырысты. Қақпашылардың керемет сейвтері, қорғаушылардың тосқауылдары, жартылай қорғаушылардың шебер пас алмасуы, шабуылшылардың қауіпті соққылары жанкүйерлерді дүркін-дүркін қол соқтырып отырды.

«Ойын нәтижесінде 1-орын тактикалық тұрғыда сауатты ойнап, шабуылда қарымды болған «ТЧЭ-34» командасына, 2-орын қайсар мінез танытқан «ПЧ-59» командасына, ал 3-орын қорғанысынан сыр бермегенімен, жеңіске құлшыныс білдірген «ШЧ-40» құрамасына бұйырды. Турнирдің үздіктері де анықталып олардың қатарынан мына теміржолшылар ойып орын алып, әріптестерінің қошеметіне бөленді. Сонымен үздік ойыншы Есенбеков Рүстем (ТЧЭ-34), үздік қорғаушы Тұңғышбай Бақытжанов (ПЧ-59), үздік қақпашы Нұрбол Серікбаев (ТЧЭ-34) және «ШЧ-40» құрамасының ойыншысы Нұрдастан Өтегенов үздік шабуылшы атанды. Турнирдің жеке дара үздіктері атанған ойыншыларға және жалпы жеңімпаздарға кәсіподақ ұйымдары тарапынан әзірленген арнайы грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды», - деді спорт нұсқаушы Бақытжан Имбергенов

Бұл дода тек спорттық жарыс қана емес, теміржолшылар арасындағы ұйымшылдықты, еңбекпен шыңдалған ерік-жігерді көрсеткен мерекелік сәт болды. Қызылордалық теміржолшылар жасыл алаңда да нағыз команда бола алатынын тағы бір дәлелдеп әдемі ойын өткізді.

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты