Машинистер мерейі үстем болды

Спорт
03.10.2025, 10:07
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда қаласындағы KGЕK спорт аренасы бұл күні ерекше рухқа бөленді. «ҚАЗКӨЛІККӘСІП–2025 теміржол футбол лигасының кубогы» үшін өткен оңтүстік аймақтық жартылай финал дүбірлі додаға айналды.

Сала кәсіподағының 120 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып, теміржолшылардың еңбек пен спорттағы табандылығын, бірлігін, намысын паш еткен айтулы шараға аймақ теміржолшылары өте көп жиналды. Турнирде оңтүстік өңірдің үздік үш командасы: Қызылорда (ТЧЭ–34), Арыс (ТЧЭ–32) және Шу (ЭЧ–22) құрама командалары кездесті. Алғашқы матчтан-ақ алаңдағы шиеленіс сезілді. Қызылордалық машинистер мен жамбылдық электриктер арасындағы 40 минуттық тартысты кездесуде қақпаға бағытталған соққылар толас таппады. Қызылордалықтар өз «үйіндегі» артықшылықты ұтымды пайдаланып, нәтижесінде 5:2 есебімен жеңіске жетті.  

Келесі кездесу де осал өтпеді. Арыс пен Жамбыл командалары арасындағы ойын барысында шабуылдар алма-кезек жасалып, тактикалық дайындықтың жоғары деңгейі байқалды. Бұл ойында да нағыз командалық рух пен кәсіби дайындық айқын көрінді.  

Шешуші сәт- жолдама үшін болған финалдық матч еді. Мұнда Қызылорда мен Арыс командалары жүздесті. Әрбір пас, әрбір соққы, әрбір сейв – жанкүйерлер шыдамын тауысқандай... Қызылордалықтар бұл жолы да басым түсіп, қарсыласын 5-4 есебімен тізе бүктірді.  

Ойын нәтижесі көрсеткендей, 3-орын - Шу электрмен жабдықтау дистанциясының командасына бұйырды. 2-орынды -Арыс локомотив пайдалану депосының командасы иеленді. Жүлделі 1-орынды жеңіп алған Қызылорда локомотив пайдалану депосының құрама командасы Астанада өтетін ақтық сынға жолдама алды.  

Үздік ойын көрсеткен спортшылар да назардан тыс қалмады: Тараз командасының ойыншысы Ерболов Фархат - «Үздік ойыншы» , Қызылорданың қырағы қорғаушысы Серікбаев Нұрбол - «Үздік қақпашы»-, ал қорғанысты қақ жарған Қожамұратов Баубек - «Үздік шабуылшы» деп танылды. Барлық жүлдегерлерге кубок, медаль және кәсіподақ ұйымының грамоталары табыс етілді.  

Салтанатты марапаттау рәсімін жасаған «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда аймақтық филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов пен Қызылорда ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев көпшілік атынан спорт секторының жетекшісі Бақытжан Имбергеновке алғыс айтып, алдағы күндерде де осындай спорттық мерекелер жалғасын табарына сенім білдірді.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды