Адал достықтың үлгісін көрсетті

Спорт
25.12.2025, 09:00
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясында электромеханик болып табысты еңбек етіп, аз уақытта өзінің сегіз қырлы, бір сырлы қасиетімен танылған Қамшыбек Әміреевті еске алуға арналған шағын футболдан ашық турнир өтті.  

Бастауыш кәсіподақ ұйымы қолдау көрсеткен жарысқа марқұмның теміржолдағы әріптестері, өнердегі достары демеушілік етті. Ашық турнирдің ашылу салтанатына «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалының директоры Айдын Сеитбенбетов, Қамшыбектің әкесі және туыстары, достары қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.  

– Табанды әрі табысты еңбек ескерусіз қалмайды. Бүгінгі іс-шара – соның көрінісі. Біз осы игі іс арқылы теміржолшылар достыққа адал екенін көріп отырмыз. Қамшыбек Әміреев аз уақытта өзінің кәсібилігін көрсете білген білікті маман әрі өнерлі жігіт. Жамбылдық теміржолшылар атынан республикалық талай дүбірлі додаға, жастар арасындағы айтулы шараларға қатысып, топ жарды. Ол өнерде де, спортта да мықты достар тауыпты. Солардың бәрі бүгінгі турнирді жоғары деңгейде өткізуге атсалысып отыр, – деді Айдын Пайзылдаұлы.

Әміреевтер – бес буын ұрпағы темір жол саласында үздіксіз еңбек етіп келе жатқан әулет. Арғы аталары Иманқұл мен Әміре – Түрксіб құрылысына қатысса, атасы Халил Иманқұлов пен әкесі Кенжеғұл Әміреев олардың жолын жалғаған. Ал Қамшыбек Әміреев теміржолшының баласы ретінде ұлттық компанияның арнайы грантымен Алматыдағы М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясын бітіріп, Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясында еңбек етті.  

– Темір жолда еңбек етіп жүріп Қамшыбек Әміреев алты жылдай жастар ұйымына жетекшілік жасады. Бастама көтеріп, жамбылдық теміржолшылардан жайдарманшылар командасын құрды. Тіпті олар жоғарғы лигада өнер көрсетті. Өзі Жамбыл өңірі атынан ҚТЖ-ның «Жігіт сұлтаны» республикалық байқауына қатысып, жүлдегер атанды. Жарқырап тұрған жас еді. Бүгінгі турнирге Қамшыбек туып-өскен Ақшолақ станциясынан, еңбек еткен ШЧ-36 дистанциясынан, Қаратау станциясы және достары, өнердегі жора-жолдастары атынан 5 команда қатысты, – дейді Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясы кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Қайыржанұлы.

Айналмалы жүйеде өткен доп додасында командалар арасында бәсеке жоғары болды. Әр команда жеңісті қолдан бермеуге барын салып, қарсыластарынан айлаларын асыруға тырысты. Десе де,  турнир қорытындысы бойынша қорғанысы тас қамал, шабуылдаушы позициясын таңдаған «Той. кз» жеңіске жетті. Ал 2-орынды «Қаратау» теміржолшылары еншілесе, «Ақшолақ» командасы үздік үштіктің қатарынан көрінді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншылар» арнайы дипломдар, медальдармен марапатталды. Командаларға кубоктармен қатар жарыс демеушілері атынан қаржылай сыйлықтар тапсырылды. Соңында достары Қамшыбек Әміреевтің рухына арнап ас берді.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды