Қыс қызығы – «көңілді старт»

Спорт
26.01.2026, 11:51
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы Семей магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелер бойынша қысқы спорттық ойындар маусымы басталды. Бұл жолғы дәстүрлі іс-шараларды кластан тыс Семей станциясының теміржолшылары бастады.

Ақпан айы таяған шақта семейлік сала қызметкерлері бос уақыттарын жасыл орман ішінде тиімді өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұл жолы барша станция қызметкерлері мекеменің салалық кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен жарыс жолына шықты. Дұрысы – қыс мезгіліндегі көңіл көтерудің ең тиімді жолына көшті.

Қысқы Ертіс өзенінің жағалауы мен қар жамылған мүлгіген қарағайлы орман – жанға дауа. Көз тойдырар көркем табиғат аясында орын тепкен демалыс базасына келген теміржолшылар қауымы «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы Наталя Мешкованың ұйымдастыруымен «көңілді старт» ойындарын өткізді. Бірнеше топқа бөлінген қозғалысшылар қауымы саф ауа аясында өзара шеберліктерін, ептіліктерін сынға салды. Бір бұл емес, арнайы әзірленген төбешіктен жарыса сырғанақ теуіп бір сәт балалық шаққа да қайта оралғандай әсерге бөленді.

– Жұмыс жүйелі жүруі, қызметке деген ынта-ықыластың артуы үшін демалыс сәттерін дұрыс өткізудің маңызы аса зор. Стрестен арылып, ой-сананы серпілтуде қысқы орман ішіндегі демалысқа ештеңе жетпейді. Теміржолшыларымыздың бос уақытын тиімді өткізуі үшін бүгін ерекше іс-шара ұйымдастырдық. Бұл бір есептен алдағы уақыттарға жоспарланып отырған, тек теміржолшылар арасында ғана емес, қала бойынша өткізілетін «кәсіподақ шаңғысы», «президенттік тест» сынды көптеген қысқы спорттық ойындар алдындағы бой ширату, дайындық десек те болады, – дейді бұл орайда бастаманың негізгі ұйымдастырушысы Семей станциясы кәсіподақ комитетінің төрайымы Шәрбат Мейірманова.

Сонымен қатар, бұл күні «Елімай» демалыс базасында станция қызметкерлері үшін мекеменің кәсіподақ ұйымының демеушілігімен арнайы дастархан жайылып, ақ тілектер тиегі ағытылды. Сөз жоқ, ұжымның береке-бірлігін нығайтуда мұндай шаралардың берері мол екені анық.

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты