«NAURYZ FEST»: Ұлттық өнер сайысы

Спорт
20.03.2026, 08:32
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Наурызнама» онкүндігі аясында Ұлттық спорт күніне орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ Тасымалды басқару дирекциясы «Nauryz Fest» мерекелік өнер сайысын ұйымдастырды. Дирекцияның аппарат басшысы Әділхан Дәкенов көпшілікті наурыз мейрамымен құттықтап, дүбірлі додаға қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тіледі.

Дирекцияға қарасты бөлімдерден 4 команда жасақталған сайыста ұлттық спорттың 6 түрінен сайыс өтті. РЦУП – Солтүстік өңірлік Пойыздарды басқарудың аймақтық орталығының «Тәуекел» командасы, АЦУП, яғни Пойыздарды басқарудың автоматтандырылған орталығының «Көктем қаһармандары» командасы, ЦД – дирекцияның өзінен «Қазақ рухы» командасы және ЦВ, яғни вагон шаруашылығы орталығының «Вагонный апгрейд» командасы сайланып шығып, асық ату, қол күресі, ләңгі тебу, гир көтеру, арқантартыс, мас-рестлинг бойынша өзара бақ сынасқан сайыс эмоциялық көңіл-күйге толы, қызу да тартысы өрбіді.  

Жарыс шарты бойынша қатысушылар ұлттық нақыштағы киім киді, әр команда құрамында 4 ер және 2 әйел болу міндеттелді. Қазылар алқасы төрт команданың да ойынын әділетті бағалап, ұпай санын шектемеуге тырысты. Сайыс соңында командалардың атауы мен киім үлгілері де есепке алынды. Нәтижесінде 1-орынға «Вагонный апгрейд» командасы ие болды. Ал 2-орынға диспетчерлер орталығының «Тәуекел» командасы табан тіреп, 3,4-орындарға «Көктем қаһармандары» мен «Қазақ рухы» командалары лайық деп танылды. Барлық командалар арнайы дипломмен марапатталып, Наурыз құрметіне бағалы сыйлықтарға ие болды.  

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды