Сыр теміржолшылары шахмат тақтасында шеберлік байқасты

Спорт
02.04.2026, 13:04
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясындағы салалық мекемелердің теміржолшыларынан құралған топ жоспарлы шахмат ойнынан жарыс өткізіп жеңімпазды анықтады.

Ойынның ашылу салтанатында, турнирдің бас демеушісі «Қазтемкәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов, спорт инспекторы Бақытжан Имбергеновтер шахматшыларға сәттілік тілеп, ойын шарттарын түсіндірді.  

Ақсүйектер ойыны деп аталып жүрген шахмат ойыны аймақтағы Локомотив пайдалану депосының, дистанциялар мен станция теміржолшыларының да белсенді ойнайтын ойынына айналып келеді. Бір ғана Қызылорда станциясындағы бес салалық мекеме теміржолшылары арасында өткізілген шахмат додасы тартысты, қызықты жайттарға толы болды.  

Жеребе бойынша қарсыластары анықталғаннан кейін  ойынның кез келген кезеңінде қарсыластың короліне қауіп төнген жағдайын ойластырып, жеңімпаз тұғырына көтерілуді көздегендер ішкі есептерін ыңғайлап  ойынды бастап кетті. Ойынның дебютті кезеңінде бір-бірінің тактикасы мен айла-амалдарын сынға салып, бажайлап көрген ойыншылар екінші кезеңде жеңіске жету үшін негізгі ойынның басты татикасы тақтаның ортасын иеленіп, бақылау стратегиясын ұстануға көшті. Қарсыластың королін аңдимын деп отырып бастырмалата қойылған «шахтан» өз  королін құтқара алмай, тығырықтан шығар жол таба алмай қалған ойыншылар арасында партия аяқталып жатты.

Сайыс жүлдесінен үміткер шахматшылар өз ұжымының атынан  команда мүшесі ретінде қатысып, мекеменің абыройын асқақтатты. Шахматшылар жарысының жүлдеден үміткерлеріне әр мекеменің кәсіподақ ұйымының белсенділері қолдау білдірді.

- Шахмат аймақ ардагерлерінің сүйіп ойнайтын ойыны болғанымен қазіргі таңда жұмыс істейтін теміржолшылар арасында да кеңінен таралып келеді. Салауатты өмір салтын ұстанатын аймақ теміржолшылары арнайы ұйымдастырылатын осындай жоспарлы сайыстардан бөлек өзара да  шахмат турлары ойналып жүр. Бүгінгі ойын да ұжымдық ынтымақ пен аймақ теміржолшыларының арасында бірліктің беки түсуіне өз әсері болды. Ойын төрешелір тарапынан әділ бағаланды, талас-тартыс орын алған жоқ. Жеңімпаздарға «Қазтемкәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметовтың атынан диплом мен мекемелердің кәсіподақ ұйымынан бағалы сыйлықтар берілді, - дейді ойын ұйымдаструшылары атынан Бақытжан Имбергенов.  

Қызықты өткен жарыс қорытындысында алғашқы темпін жоғалтпай, түрлі комбинациямен қарсыластарына «мат» қойған Қызылорда белгі беру және сигнализация дистанциясының «ШЧ-39» ұжымының теміржолшысы Арман Қалиев 3-орынды иеленді. Алғашқы ойын басталған сәттен гамбит тәсілімен пешкіні құрбан етіп, үнемі шабуыл ұйымдастырып ойынды оң нәтижелендірген Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» командасының машинисі Алмат Аманқұлов жеңіп алды. Ал, қарсыластарының бәрін жекелей ойында жарға жығып, айласын асырып «мат» қоя білген Қызылорда жол дистанциясы «ПЧ-57» командасының инженері Берік Өмірзақов 1-орынды қанжығаға байлап жүлдені иемденді.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?