Теміржолшылар арасында «Кәсіподақ төрағасының кубогы» басталды

Спорт
24.04.2026, 08:21
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының ұйымдастыруымен бильярдтан «Кәсіподақ төрағасының кубогы» турнирі өтіп жатыр.

Сексеуіл және Қазалы станцияларында басталған сайысқа барлық мекемеден ойыншылар іріктеліп шықты. Ептілік пен дәлдікті талап ететін бильярд сайысы теміржолшылар арасында жиі өткізілетін жарыс түріне айналған. Төраға кубогының іріктеу турнирі барлық талапқа сай, қызықты да тартысты өтті. Ойын нәтижесінде турнирдің келесі кезеңіне берілетін жолдаманы 3-орын алған Асылбек Мектеев, 2-орын иеленген Аманжол Құлжанов пен 1-орын жүлдегері Рақымжан Құлжанов өзара бөлісті. Олар алдағы уақытта Қызылордада өтетін келесі кезеңге қатысады.  

Ал Қазалы станциясында өткен іріктеу турының жүлдегері болып 1-орын алған өрт сөндіруші Е.Құсанов, 2-орын иеленген ШЧ-40 өкілі К.Боранбаев, 3-орынға табан тіреген ПЧ-60 ойыншысы А.Сералиев танылды.  

Ендігі кезекте Қызылордада өтетін жарыс шешуші сайыс болып саналады. Онда қатысушылар Қарағанды қаласында өтетін турдың жолдамасын сарапқа салатын болады.  

 

Инфрақұрылым
05.06.2026
Инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда
Цифрландыру
05.06.2026
Жасанды интеллект қолданыста
Аймақтар
05.06.2026
Еңбек түбі – береке
Аймақтар
05.06.2026
Дарынды жүз бала қатарында
Жаңалықтар
05.06.2026
Донор болу – сауапты іс
Әлеумет
05.06.2026
Әрқашан күн сөнбесін...
Жаңалықтар / Мұрағат
05.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №43 5 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
04.06.2026
ҚТЖ осы жылдың мамыр айында локомотивтердің кезекті партиясын алды
Инфрақұрылым
04.06.2026
Қазақстан темір жолында инфрақұрылымды жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Жаңалықтар
04.06.2026
Теміржолшылар мемлекеттік рәміздер құрметіне ауқымды патриоттық флешмоб орындады
Жаңалықтар
04.06.2026
Минскіде Қазақстан мен Беларусь темір жолдары басшыларының екіжақты кездесуі өтті
Жаңалықтар
04.06.2026
Көк Туды көкке көтерген чемпион
Жаңалықтар
03.06.2026
Шымкентте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз өткел» республикалық акциясы өтті
Жаңалықтар
03.06.2026
Астанада Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелері талқыланды
Жолаушылар тасымалы
03.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады
Жаңалықтар
03.06.2026
Қазақстан Баку-Тбилиси-Карс темір жолының ресми ашылуына қатысты
Әлеумет
03.06.2026
ҚТЖ Мойынты станциясындағы локомотившілердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартты
Әлемде
02.06.2026
Өзбекстанда магистральдық электровоздарға жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді
Жолаушылар тасымалы
02.06.2026
Жолаушылар енді пойыз қозғалысын онлайн бақылай алады
Әлеумет
02.06.2026
Теміржолшылар елді мекенінде жаңартылған гүлзар салтанатты түрде ашылды