Тараз теміржолшылары арасында тораптық спорт жарысы өтті

Спорт
18.05.2026, 10:25
Сурет: Pixebay
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының спорт нұсқаушыларының ұйымдастыруымен ауыр және жеңіл атлетиканың кір тасын көтеру, ұзындыққа секіру түрлері бойынша тораптық жарыстар өтті.

Тараз станциясында өткен спорттық іс-шара тартысқа толы болды. Әсіресе ауыр еңбекте шыныққан теміржолшылар кір тасын көтеруде бәсекені қыздыра түсті. Кір тасын көтеру спорты бойынша жарыстарда жүлделі орындарды Тараз көлік оқу орталығының курсанттары Қанат Нұрмұратов, Әлихан Қожан және Нұржан Айтпенбетов өзара бөлісті.  

Ал ұзындыққа секіру жеңіл атлетикаға жатқызылғанымен, техникалық жағынан аса күрделі. Содан да болар, олимпиадалық жүйеге енген бұл спорт түрінен үздіктерді анықтау оңайға соққан жоқ.  

Кәсіподақ ұйымының спорт нұсқаушысы Евгений Тянның айтуынша, ұзындыққа секіру – тактикадан бұрын күш пен серпінділікті талап ететін спорт. Әйтсе де, физикалық мүмкіндіктермен қатар, психологиялық ішкі дайындық та қажет екен.

Ұзындыққа секіру кезінде ШЧ-36 Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының жеңіл атлеттері Зарина Анарбекова мен Ақбота Ембергеноваға дес берген жалғыз спортшы «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының сылақшысы Айсұлу Сұлтанова болды.  

Жарыс қорытындысында сылақшы Сұлтанова жеңіс тұғырына көтерілсе, дистанцияның электромеханигі Зарина Анарбекова мен инженер Ақбота Ембергенова екінші, үшінші орындарды бөлісті. Кәсіподақ ұйымының филиалы атынан жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталып, грамоталар, медальдармен марапатталды.

 

Жаңалықтар
06.06.2026
ҚТЖ Тrip Optimizer жүйесімен ТЭ33А тепловоздар паркінің 92% - дан астамын жабдықтауды аяқтады
Инфрақұрылым
05.06.2026
Инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда
Цифрландыру
05.06.2026
Жасанды интеллект қолданыста
Аймақтар
05.06.2026
Еңбек түбі – береке
Аймақтар
05.06.2026
Дарынды жүз бала қатарында
Жаңалықтар
05.06.2026
Донор болу – сауапты іс
Әлеумет
05.06.2026
Әрқашан күн сөнбесін...
Жаңалықтар / Мұрағат
05.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №43 5 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
04.06.2026
ҚТЖ осы жылдың мамыр айында локомотивтердің кезекті партиясын алды
Инфрақұрылым
04.06.2026
Қазақстан темір жолында инфрақұрылымды жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Жаңалықтар
04.06.2026
Теміржолшылар мемлекеттік рәміздер құрметіне ауқымды патриоттық флешмоб орындады
Жаңалықтар
04.06.2026
Минскіде Қазақстан мен Беларусь темір жолдары басшыларының екіжақты кездесуі өтті
Жаңалықтар
04.06.2026
Көк Туды көкке көтерген чемпион
Жаңалықтар
03.06.2026
Шымкентте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз өткел» республикалық акциясы өтті
Жаңалықтар
03.06.2026
Астанада Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелері талқыланды
Жолаушылар тасымалы
03.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады
Жаңалықтар
03.06.2026
Қазақстан Баку-Тбилиси-Карс темір жолының ресми ашылуына қатысты
Әлеумет
03.06.2026
ҚТЖ Мойынты станциясындағы локомотившілердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартты
Әлемде
02.06.2026
Өзбекстанда магистральдық электровоздарға жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді
Жолаушылар тасымалы
02.06.2026
Жолаушылар енді пойыз қозғалысын онлайн бақылай алады