Теміржолшылар арасындағы футбол турнирінде «Батыс» өңірлік филиалы жеңіске жетті

Спорт
19.06.2026, 09:03
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ кәсіподақ комитеті «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ қолдауымен барлық филиал қызметкерлері арасында футболдан турнир өткізді.

Турнирге 13 командаға бөлінген 130 адам қатысып, жүлделі орындар үшін бағы мен бабын сынады. Ұлттық тасымалдаушы компанияның кәсіподақ ұйымы төрағасы Елнара Әкімбайқызының айтуынша, бұл турнир жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, өңірлердегі аяқ доп шеберлерінің Астанада басын қосады. Ал биылғы ерекшелігі – бұл жылы турнирге жекеменшік жолаушылар тасымалдаушы компаниялардан да командалардың қатысуы. Яғни 4 команда – сол жекеменшік тасымалдаушы компаниялардың құрамасы.  

Турнирдің ашылу салтанатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Сұлтан Шабидинов, «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Астана торабы филиалының директоры Серік Сәрсекеев сөз сөйлеп, қатысушыларға жарыс жолында сенім мен сәттілік тілеп, жігер берді.  

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде бірінші орынды компанияның «Батыс» өңірлік филиалынан құралған команда алды. Екінші орынға «Экспресс» филиалының командасы лайық деп танылды. Ал үшінші орын жекеменшік тасымалдаушы «KazRail» ЖШС командасына берілді. Әрине барлық жеңімпаз командалар, сонымен қатар көзге түскен жекелеген ойыншылар сый-сияпаттан құр қалған жоқ, лайықты марапатын алды.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты