Маңғыстаудың намысын қорғайды

Спорт
31.07.2026, 09:23
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау станциясында «Қазтеміржолкәсіп – 2026» теміржолшылар футбол лигасы Кубогынының» батыс аймақтық турниріне үміткерлер іріктелді.

Теміржолшылар мерекесі қарсаңында шағын футболдан ұйымдастырылған облыстық турнир ең мықтыларды анықтады. Түбек теміржолының түрлі мекемесінен бірнеше команда қатысып, өзара бақ сынасты. Маңғыстау, Бейнеу, Шетпе, Жаңаөзен, Болашақ, Қарақия станцияларынан командалар қатысты. Тепсе темір үзетіндей шыныққан теміржолшылардан құралған команданың қай-қайсысы да Кубоктан үміткер еді. Бірі екіншісінен кем түспей, оңайлықпен есесін жібермей ойнаған матч ұзаққа созылды. Тартыс пен қызыққа толы ойынның нәтижесінде бірінші орынды Маңғыстау вагон депосының, екінші орынды Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің, үшінші орынды Маңғыстау локомотив депосының командалары алды. Жеңімпаз топтар ойынның кубогы, медалі мен дипломына және қаржылай сыйлыққа ие болды.  

Жақсы ойын көрсеткен жігіттер де марапатсыз қалмады. Оларға түрлі номинациялар табысталды. «Үздік ойыншы» вагон депосынан Ерболат Архабаевқа, «Үздік сұрмерген» локомотив депосынан Нұржан Хамидуллаға бұйырды. Магистральдық желі бөлімшесінен Айболат Бекжанов болса аймақтық турнирдің «Үздік қақпашысы» атанды. Жеңімпаздар енді Ақтөбе қаласында өтетін батыс аймақтық турнирде Маңғыстаудың намысын қорғайды.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды