Еркебұлан Ахмадиев «Самұрық-Қазына» спартакиадасында 800 метрге жүгіруден екінші орын иеленді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрамасының қоржыны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының XI спартакиадасында жаңа медальдармен қарқынды толығуда.
Жарыстың екінші күні жүгіру жолындағы жоғары нәтижемен ерекшеленді: Еркебұлан Ахмадиев 800 метрге жүгірудегі тартысты бәсекеде командаға күміс жүлде сыйлады!
Еркебұлан Ахмадиев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясының Семей бөлімшесінде вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеуші (ВҚЖР) болып жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, биыл жеңіл атлетика алғаш рет Спартакиаданың жарыс бағдарламасына енгізілді.