«Теміржолсу-Қарағанды» ЖШС Жаңаарқа станциясындағы АВР-дың жетекші маманы Роман Халиловтың жарқын ойыны көрермендердің назарын алғашқы секундтардан-ақ өзіне аударды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ол найзағайдай жылдам реакциясын, тактикалық басымдығын айқын көрсетіп, лайықты түрде бірінші орынды жеңіп алды. Осылайша Роман Халилов ҚТЖ құрамасына алтын медаль сыйлады.