XI Республикалық «Самұрық-Қазына» спартакиадасында Қарағанды пайдалану локомотив депосының қызметкері Галина Золотухина жеңіл атлетикадан қола медаль иеленді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Галина Золотухина ТЧЭ-14, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды» филиалының Жедел-техникалық есеп орталығында оператор болып жұмыс істейді.
Жүгіру жолындағы тартысты бәсекеде қарағандылық спортшы жоғары жылдамдық пен төзімділік танытып, үздік үштіктен көрінді. Нәтижесінде құрметті үшінші орынға ие болып, жарыстың қола жүлдегері атанды.
Галина Золотухинаның бұл жетістігі теміржолшылар құрамасының жалпы жүлде қоржынына қосылған маңызды үлес болды. Айта кетерлігі, жеңіл атлетика биыл «Самұрық-Қазына» спартакиадасының бағдарламасына алғаш рет енгізілді.