«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды

Спорт
09.08.2026, 18:02

Астанада өткен XI республикалық «Самұрық-Қазына» спартакиадасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ киберспортшылары топ жарып, чемпион атанды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Спартакиаданың заманауи әрі жоғары бәсекелестікке толы спорт түрлерінің бірі саналатын киберспорт додасына еліміздің әр өңірінен үздік ІТ-мамандар мен геймерлер қатысты.

Турнир барысында «ҚТЖ» командасы жоғары деңгейдегі командалық үйлесімділік пен жылдам реакция танытып, тактикалық шеберлігін көрсетті. Ойыншылар әр кезеңде темірдей тәртіп пен өзара түсіністікті сақтап, қарсыластарынан басым түсті.

Нәтижесінде теміржолшылардың киберспорттағы командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасының жеңімпазы атанып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қоржынына кезекті алтын медальді қосты.

Бұл жетістік теміржол саласы қызметкерлерінің тек дәстүрлі спорт түрлерінде ғана емес, цифрлық спорт бағытында да жоғары бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды