«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда

Спорт
08.09.2026, 09:05
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда қаласындағы KGEK спорт аренасында «Қазтеміржолкәсіп-2026» теміржол футбол лигасы кубогының аймақаралық командалар арасындағы жартылай финалдық ойыны өтті.

Финал жолдамасын сарапқа салған тартысты ойында үш команда бірбірін жеңе алмай ұзақ арбасты. Соңында қарсыластарын ұпай санымен ұтып, айласын асыра білген Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» командасы жеңіске жетіп, финалдық жүлдеге ие болды.

Компанияның оңтүстіктегі Қызылорда, Шымкент және Тараз бөлімшелерінің теміржолшылары арасында ұйымдастырылған жартылай финалдық сайысты «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Қызылорда филиалы бастаған салалық мекемелердің бастауыш кәсіподақтар ұйымдары ұйымдастырып, командаларға барлық жағдай жасады.  

Алғашқы ойында Шу машиналандырылған жол дистанциясының «ПЧМ Шу» командасымен алаңға шыққан қызылордалық локомотившілер құрамасы алғашқы минуттан бастап ойын тізгінін қолдарына алуға барын салып бақты. Ал келесі кезекте Арыс локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-32» командасымен алаңға шыққан қызылордалықтар қарсыластарының осал тұсын аңдып біршама уақыт өткізгенмен сәті келгенде қонақтар қақпасынан қылау тапқан Баубектің тепкен добы есептің ашылуына себеп болып, команданы 3-2 есе айырмасымен алға шығарды.  

Арыстықтар мен жамбылдық командалардың кездесуі де тартысты өтті. Ойын басында тізгінді қолға алғысы келген Арыс құрамасы қарсылас қақпасына доп енгізгенмен, ойын ортасына қарай жамбылдық команданың мерейі үстем бола бастады. Арыстықтардың қақпасының осал тұсын тапқан жамбылдықтар бірінен соң бірін енгізіп, гол санын арттырып, 7-3 есебімен қарсыластарынан басым түсті.  

– Қызылордалық машинистер командасы өз алаңында үздік ойын өрнегін көрсетіп, финал жолдамасын жеңіп алды, енді финалдық ойынға қатысатын болады, – деді спорт секторы Бақытжан Имбергенов.  

Кәсіподақ ұйымы тарапынан жеңімпаз командаларға кубок пен бағалы сыйлықтар табыс етілді.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті