Құрық портының командасы шағын футболдан келесі кезеңіне өтті

Спорт
11.10.2021, 13:44
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Кәсіподақ ұйымдарының ұйытқы болуымен шағын футболдан жазда өткен «Қазкөліккәсіп-2021» теміржолшылар футбол лигасының іріктеуі жалғасуда. Аталған түрнирде түбек теміржолшылары арасында жеңіске жеткен Құрық портының командасы батыс өңірлері арасындағы жарысына жолдама алған болатын. Батыс жеңімпазын анықтайтын бәсеке жақында Атырау облысында өтті. Онда Ақтөбе, Атырау, Оралдағы әріптестерінен озық шыққан маңғыстаулық теміржолшылар бірінші орынды иеленді. Жарыстың ережесі бойынша аймақаралық бәйгеде жеңіске жеткен командалар енді Шымкент қаласында кездесіп, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ақтық сайысқа жолдаманы жеңу үшін ойын көрсетеді. Одан да жүлделі орынды алғандар астанада өтетін қорытынды сайысқа қатысады. 2021 жылдың ең үздік футболшылары атану бағытында өзара бақ сынайды.

– Жарысқа төрт облыстан төрт команда қатысты. Біздің теміржолшы жігіттер Маңғыстау теміржолының қоржынына бас жүлдені салып берді. Енді футболшыларымыз қазан айының 14-15 күндері Шымкент қаласында болатын аймақтар бойынша саралау сайысында бақ сынайды. Теңбіл доп иелеріне сәттілік тілейміз, – дейді Орталық кәсіподақ ұйымының Маңғыстау теміржолы бойынша өкілі Әзірбай Тұрмағанбетов.
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды