Достық станциясында 2024-2026 жылдары қосымша терминалдар енгізу жоспарлануда

Станция тынысы
22.12.2023, 10:19
Суреттерді түсірген Сара САХЫНБЕК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров бастаған «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылары Достық және Алтынкөл станцияларының бір топ қызметкерімен кездесіп, оларды еңбектегі жетістіктері үшін марапаттады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – Техникалық саясат департаментінің менеджері Жаслан Жамбылұлы мемлекетаралық түйіспе пункттерінің даму жоспарын слайд-шоумен таныстырды. Алдымен Достық станциясының даму келешегі сөз болды. Бүгінде станцияның өткізу қабілеті 18 жұп пойызды немесе 16 млн тоннаны құрайды. 2022 жылы Достық станциясы арқылы 13,6 млн тонна/641 мың ЖФЭ жүк тасымалданса, биылғы меже – 14,4 млн тонна. Алайда, бұл жоспар бір ай бұрын орындалып қойды. Ал контейнерлік терминалдардың қуаттылығы жылына 1100 ЖФЭ-ні құрауда. 2024-2026 жылдары қосымша терминалдар енгізу жоспарлануда. Сол кезде терминалдардың жалпы қуаттылығы жылына 2038 мың ЖФЭ-ден асады деп күтілуде. Достық – Мойынты телімінде салынып жатқан 836 шақырымдық екінші жолдар құрылысы шеңберінде 2024-2025 жылдар аралығында Достық станциясын жаңғырту қарастырылған. 

Бұл іс-шара жүзеге асқанда станцияның өткізу қабілеттілігі 40 жұп пойызды немесе 35 млн тонна жүкті құрамақ. Сонымен қатар Достық – Алашаңқай шекаралық өткелін кеңейту бойынша да ұсыныс қарастырылуда екен. Онда техникалық-экономикалық негіздеме аясында өткелді «Т» Кеден паркіне дейін кеңейту көзделіп отырған көрінеді. Яғни қосымша жолдар, инспекциялық тексеріске дейінгі кешен, тазалау және дезинфекция жүйесін салу. Сондай-ақ шекаралық өткелдің өткізу қабілетін арттыру үшін Достық – Алашаңқай станциялары арасында әрбір жол табаны бойынша екі жол салу және де пойыздарды тексеру үшін қабылдап-жөнелту жолдарының санын арттыру ұсынылып отыр. 

Алтынкөл станциясының даму жоспарына тоқталсақ, бүгінде станцияның өткізу қабілеті 18 жұп пойызды немесе 12 млн тоннаны құрайды. Өткен жылы станция арқылы 9,5 млн тонна немесе 700 мың ЖФЭ жүк тасымалданса, алтынкөлдіктер де биылғы 11,7 млн тонна жүк тасымалын межесінен бұрын орындап тастаған. Қазір Алтынкөлдегі қайта тиеу терминалдарының қолданыстағы қуаттылығы жылына 976 мың ЖФЭ-ні құраса, Құрғақ портты кеңейту кезінде өткізу қабілеті жылына 1 236 мың ЖФЭ-ні құрайды деп күтілуде. Бұл станцияда да 2024-2026 жылдар аралығында Б паркі, сұрыптау паркі және Д паркінде төрт жол салу, Құрғақ портта 10 жол салу көзделіп отыр екен. Осы шаруалар атқарылғаннан кейін Алтынкөл станциясының өткізу қабілеті 32 жұп пойызды, 21 млн тонна немесе жылына 1800 мың ЖФЭ-ні құрайтын болады. 

Қытаймен шекаралас қос станцияның озат еңбеккерлеріне жұмысты тиімді және сапалы ұйымдастыра білгендері үшін алғыс айтқан Бауыржан Орынбасаров оларды Құрмет грамоталарымен марапаттап, оған қоса ақшалай сыйлық берілетінін атап өтті. 

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес