Достық станциясы — Қазақстан мен Қытай арасындағы негізгі көлік торабы

Станция тынысы
01.10.2025, 16:22

Жоңғар қақпасы — Ұлы Жібек жолының тарихи жолының жүрегінде орналасқан Достық станциясы Қазақстан – Қытай халықаралық көлік дәлізінің маңызды буыны болып табылады. Ағымдағы жылдың сегіз айында ҚР мен ҚХР арасындағы теміржол тасымалының жалпы көлемі 26,2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8% артық. Достық – Алашаңқай өткелі арқылы 9,07 млн тонна жүк тасымалданды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Теміржолшылардың тиімді жұмысы Қазақстан мен Қытайдың достық және тату көршілік қатынастарының арқасында қамтамасыз етіледі. Климаттың қатал жағдайларына қарамастан, екі жақтың мамандары жоғары кәсібилік пен өз ісіне адалдықты көрсетуде.  

Достық станциясында инфрақұрылымды жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы іске асырылуда. Кептелісті болдырмауға және жұмыстың қалыптылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қабылдау-жөнелту паркінің құрылысы жүргізілуде. Қолданыстағы парк кеңейіп келеді. Халықаралық кездесулер мен келіссөздер үшін визит-орталығымен біріктірілген жаңа электр орталықтандыру бекеті салынуда. Кедендік-шекаралық рәсімдерді жүргізуді жеделдететін инспекциялық-тексеру кешенінің (ИТК) жобасы іске асырылуда.  

Станцияға жақындауда «тар орынды» жоятын Достық – Мемлекеттік шекара аралығындағы екінші жолдың құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, вокзалды, әкімшілік және тұрмыстық ғимараттарды жаңғырту, сондай-ақ локомотив бригадаларының демалыс үйін күрделі жөндеу жүргізілуде, бұл қызметкерлер үшін заманауи еңбек жағдайларын және жолаушылар үшін жайлылық тудырады.

Достық станциясы Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін стратегиялық көлік хабы ретіндегі рөлін нығайтады.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты