ҚТЖ тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін енгізуде

Трансформация
08.03.2026, 12:12

Бұл жүйе өткен жылдан бастап енгізілуде және де жүк жөнелтушілер өтінімдерінің қайталануына жол бермейді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

30 астам жылжымалы құрам иесі жаңа жүйеге қосылған. Бұл тасымалдау көлемін әдейі асыра бағалауды және қайталанатын өтінімдерді беруді болдырмауға мүмкіндік береді. Мәселен, соңғы үш жылдың тасымал серпіні көрсеткендей, жүк жөнелтушілер 2023 жылдан бастап 202,5 млн тоннаға жуық жүк мәлімдеген, оның ішінде жүк жөнелтушілер іс жүзінде 88 млн тоннаға жуық жүк тасымалдаған, бұл ретте ҚТЖ 118 млн тоннаға келісім берген.

▪️ 2023 жыл – 73,6 млн тонна мәлімделді, 38,2 млн тонна келісілді, нақты тасымалданғаны – 27,3 млн тонна;

▪️ 2024 жыл – 62 млн тонна мәлімделді, 39,3 млн тонна келісілді, нақты тасымалданғаны – 27,5 млн тонна;

▪️ 2025 жыл – 66,9 млн тонна мәлімделді, 41 млн тонна келісілді, нақты тасымалданғаны – 33 млн тонна.

Осылайша, барлық мәлімделген және келісілген жүктердің төрттен бір бөлігін жүк жөнелтушілер тасымалдауды талап етпеген. Бұл мәселе жүйелі сипат алған және жылдар бойы жалғасуда. Бұл инфрақұрылымның өткізу қабілеттілігін жасанды түрде резервтеуге әкеледі және нақты жүктерді тасымалдауға қол жеткізуді шектеуде.

Енді өтінімдер вагон операторлары мен нақты жүк алушылар растаған кезде ғана қабылданады. Бұл нарық қатысушыларының инфрақұрылымға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, желіні пайдалану тиімділігін арттыруға және вагондар айналымын жеделдетуге мүмкіндік береді. Пилоттық жүйені толық апробациядан кейін енгізу 2026 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.

Соңғы екі жылда елдің теміржол тасымалы жүк айналымының тарихи максимумына жеткендігін қаперге сала кетейік. Тек 2025 жылы Ресеймен тасымалдау көлемі 92 млн тоннаны (+3,5 пайыз), Қытаймен – 35,6 млн тоннаны (+11 пайыз), Өзбекстанмен – 32,3 млн тоннаны (+16 пайыз) құрады.

 

 

Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%