Көпфункционалды қызмет тиімділігі
Трансформация
08.06.2018, 14:36
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Трансформация бағдарламасы аясында қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі – көпфункционалды қызмет көрсету орталығының (КҚКО) ашылғанына биыл екі жыл толады. Бухгалтерлік, салықтық және кадр есебінің негізгі операциялық процестерін үйлестіретін орталық қызметі мен бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы оның директоры Раушан Бимахимова баяндап берді.
Әлемдік жетекші компаниялар тәжірибесіне жүгінсек, осы тектес орталықтар құру компания қызметін айтарлықтай оңтайландырып, еңбек өнімділігін арттырады. Мамандар компанияда операциялық шығындардың азаюымен қатар жұмыс тиімділігінің артуы – аталмыш жобаның басты жетістігі деп санайды.
– Жалпы қызмет көрсету орталығы (ЖҚКО) – бұл типтік және стандарт бизнес үдерістер әр құрылымдық бөлімшеден шығарылатын және бірыңғай сервис орталығына шоғырландырылатын, сөйтіп бөлімшелердің басты негізгі қызмет бойынша топтасуына мүмкіндік беретін модель. Оны ҚТЖ-ға енгізудің үш кезеңі қарастырылды. Оның біріншісі, Астанада бухгалтерлік, салықтық және кадр есебінің негізгі операциялық процестерін орталықтандыратын сынақтық жобаны енгізу, екіншісі 2017 жыл бойына ЖҚКО филиалдарын ұлттық компания бойынша 12 өңірде ашып, тарату. Үшінші кезең, еншілес қоғам ЖҚКО периметрін қосатын осындай орталықтардың мақсатты моделіне көшу. Бүгінгі таңда алғашқы екі кезең сәтімен жүзеге асырылды, – дейді Раушан Бимахимова.
Орталық басшысының айтуынша, компания филиалдарының бухгалтерлік қызметін қайта құрылған өңірлік ФҚКО-ларға толық көшіру өткен жыл соңында аяқталды және биыл жыл басынан бері Көпфункционалды қызмет көрсету орталықтары жұмысы «ҚТЖ» АҚ бойынша және барлық құрылымдық бөлімшелер шеңберінде қаржылық есептілікті құру, бастапқы бухгалтерлік, салықтық есепті жүргізу функциясына біріктірілді. Бұл тұста бухгалтерлік және салықтық есеп үдерістерін анағұрлым оңтайлы ұйымдастыру мүмкіндігі – анағұрлым білікті мамандар басқаратын мамандандырылған топтар пайда болды, бұл күрделі мәселелердің шешімін тездетіп табуға мүмкіндік берген. Бір бағыттағы мамандардың өзара бірін-бірі алмастыра алуының арқасында қандай да бір себептермен жұмысшылардың жұмыста болмауы жұмыстың орындалу мерзімі мен сапасына әсер етпеуіне септік етеді.
– Функционалды қызмет көрсету орталықтары құрамына басқару есептілігі жүйесін дамытудың аймақтық орталықтары жатады. Жыл басынан бергі қызметінде ФҚКО жұмысы қалыптасып, 2017 жылдың қаржылық есептілігіндегі көрсетілген мерзімде ұсынылды. Және биыл бірінші тоқсанда сәйкес салықтық есептілік әзірленді, ішкі қаржылық есептілік аудитін жүргізу барысында филиал құзыреті шеңберінде толыққанды ақпараттар берілді, – дейді орталық директоры.
ҚР Салық заңнамасы талаптарын орындау үшін жыл басынан бері ФҚКО салықтық есеп бағытында электронды есепшот фактурасын енгізу барлық филиалдарда жүргізілген. Раушан Бимахимова, сонымен қатар компания филиалдары мен орталық аппарат қызметкерлері персоналын дамыту және басқарудың автоматтандырылған жүйесіне орталықтандырылған кадрлық есепті енгізу аясында 2016 жылы кадрлық әкімшіліктендіру бойынша 11 адамнан тұратын, компанияның 31 филиалына қызмет көрсететін жоба іске қосылғанын айтады. Соның арқасында бүгінде кадрлық әкімшіліктендіруді орталықтандыру артықшылықтары айқындалған, яғни Бизнесте кадрлық құжаттамаға еңбек шығыны азайып, филиалдардағы кадрлық қызмет жұмыскерлерінің негізгі HR–үдерістермен айналысуға, мәселен, персонал іздеу және іріктеу, оларды оқыту және дамыту, қызметті бағалау, әлеуметтік қамсыздандыру сынды жұмыстармен шұғылдануға мүмкіндігі пайда болған. ФҚКО іске қосылған кезеңде кадрлық іс қағаздары бойынша 231 мыңнан астам өтінім өңделіп, соның 2 мыңнан астамы құрылымдық бөлімшелерге қайта өңделуге жіберілген. Бұл шығарылатын құжаттар мен қабылданатын дұрыс шешімдер сапасының артқанын білдіреді.
Биыл басқарудың автоматтандырылған жүйесі: электронды құжат айналымы және құжаттарды электронды сақтау іске қосылмақ. Электронды құжаттамалар жүйесін құрудың басты нәтижесі Компанияда құжаттардың электрондық үлгілерін сенімді ұзақ құрылымдық сақтауды және ФҚКО қызметкерлерінің құжаттарды бақылауда ұстай отырып жедел өңдеу жүргізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бухгалтерлік, салықтық, кадрлық есеп бойынша құжаттардың электронды сақталуы мен бірыңғай электронды құжат айналымы болуға тиіс. 2018 жыл соңына дейін ФҚКО-ны ұлттық компанияның бірқатар кәсіпорындарында, атап айтқанда: «Құрық порты», «Теміржолсу – Павлодар, Көкшетау, Ақтөбе, Арыс, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Аягөз, Қарағанды, Алматы, Шу, Қызылорда» ЖШС-терінде ашып, көбейту көзделуде екен.
Райхан РАХМЕТОВА
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады