Канаданың Квебек елдімекенінде салынған әлемдегі ең жалпақ арқанды көпірден жақын арада пойыздар өте бастайды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аталған көпір Әулие Лаврентий өзенінің үстіне тұрғызылған. Автокөлік, жаяу жүргінші мен велосипед тебетіндер үшін көпір 2019 жылдан бері ашық.

Самюэль де Шамплен атындағы көпірдің ұзындығы 3,4 шақырым, ені 50 метр. Әр бағыт бойынша  үш автокөлік және бір автобус жүретін жолағы бар. Оған қоса жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған арнайы жолақ та қарастырылған. Ал, көпірдің ортасында REM пойыздарына арналған қос жолды темір жол учаскесі бар.

Көпір бағанының биіктігі 170 м.