Мәскеудегі Ярослав және Қазан вокзалдарында алғаш рет шағын капсулалы қонақүйлер пайда болды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«РТЖ» ААҚ-ның Telegram-каналы таратқан мәліметте, шағын отелдер екі вокзалдың «Комфорт» залында ашылғаны айтылады. Капсулалы нөмердің қабырғасы дыбыс өткізбейтін пердемен жабықталған, оған қоса жүк қоятын орны мен USB-розеткасы бар. Қонақтарға түбіртекпен бірге бір рет қолданылатын төсек-орын, жастық пен көрпе беріледі.

Шағын капсула бір адамға деп есептелген. Дегенмен оның іші анағұрлым кең, отбасындағы алты жасқа дейінгі бала мен анасы емін-еркін сыйып кетеді. Капсулалы отель тәулік бойы жұмыс істейді. Мұндай капсуланы бір, үш немесе 12 сағатқа дейін жалға алуға болады.