Қытайда әлемдегі ең жылдам пойызды сынақтан өткізу басталды

Әлемде
22.10.2025, 16:41
Оқуға 2 мин
Сурет: ашық дереккөзден

Қытайда CR450 атты жаңа жоғары жылдамдықтағы пойызды сынаудың белсенді кезеңі басталды. Қазір ол техникалық сипаттамалары бойынша жан-жақты тексеруден өтуде, соның ішінде ең жоғары жылдамдық — 450 км/сағ көрсеткіші де сынақтан өткізіліп жатыр. Коммерциялық пайдалануға жіберілмес бұрын пойыз кемінде 600 мың шақырым жолды сынақ режимінде жүріп өтуі тиіс, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мұндай жоғары жылдамдыққа қол жеткізуге мүмкіндік берген басты факторлардың бірі — аэродинамиканы жетілдіру және құрылымын қайта өңдеу. Алдыңғы бөлігі ұзартылып, бұрынғы 350 км/сағ жылдамдыққа арналған модельдердегі 12,5 метрдің орнына 15 метрге дейін ұлғайтылған. Бұл шешім пойыздың қозғалыс кезіндегі ауа кедергісін едәуір азайтқан.

Сонымен қатар, жалпы аэродинамикалық кедергі 22%-ға төмендеді. Бұған инженерлік жаңалықтар ықпал етті: пойыздың астыңғы бөлігіндегі арба-тетіктері толық жабылған, ал бүйір панельдері бұрынғы үлгілермен салыстырғанда төменірек орналасқан. Мұндай тәсіл қозғалыс кезінде ауа ағынын азайтады — дәл осындай қағиданы автожарыс болидтерінің дизайнында да көруге болады.

Құрылымдық тұрғыда да өзгерістер бар: пойыздың биіктігі 20 см-ге қысқартылып, салмағы 50 тоннаға жеңілдетілген.

Соңғы бес жыл бойы инженерлер ауа кедергісін азайту бағытында жұмыс істеп келеді, ал 0,1%-дық жетілдірудің өзі маңызды табыс ретінде бағаланған.

Бұл шаралардың нәтижесі әсерлі болды: CR450 пойызы 0-ден 350 км/сағ жылдамдыққа небәрі 4 минут 40 секундта жетеді — бұл Fuxing сериясындағы пойыздардан 100 секундқа жылдам, себебі оларға сол жылдамдыққа жету үшін 6 минут 20 секунд қажет.

CR450 жобасы 2021 жылы басталған. 2024 жылдың соңында ұсынылған прототип сынақтар кезінде бірнеше әлемдік рекорд орнатқан: ең жоғары жылдамдық — 453 км/сағ, ал қарама-қарсы бағытта қозғалған екі пойыздың салыстырмалы жылдамдығы — 896 км/сағ болған.

Бұл көрсеткіштер Қытайдың жоғары жылдамдықты теміржол технологиялары саласындағы әлемдік көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті